• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Желтоқсан 30, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қазақстанда биыл 15 млн. шаршы метр баспана салу жоспарланып отыр

07.04.2020
0

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы елімізде 150 мың баспана немесе 15 млн. шаршы метр тұрғынжай салу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында мәлімдеді. 

Атап айтқанда ағымдағы жылы мемлекеттік инвестициялар есебінен 38 300 пәтер (2,2 млн.шаршы.м.) әлеуметтік жалға берілетін және несиелік тұрғынжай салынады және сатып алынады. Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлер салуға және сатып алуға 90 млрд.теңге қарастырылған. Осылайша 12 600 отбасын: 6000 көп балалы отбасын, 1000 жас маманды, әлеуметтік аз қамтылған санатта кезекте тұрған 5600 отбасын жалға берілетін баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған.

Несиеге берілетін баспана құрылысына 2017 жылдан бері 207 млрд. теңге жұмсалды. Аталған қаражатты әкімдіктер револьверлік негізде айналымға салып, одан жыл сайын 101 млрд. теңгеге тұрғынжай пайдалануға беріледі.

        Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дағдарыс жағдайында құрылыс саласын қолдау және халықты жұмыспен қамту үшін ҚР Ұлттық банкі қосымша 180 млрд. теңге бөлді. Бұл қаражатты алу үшін әкімдіктер облигациялар шығаруға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Облигацияларды шығару 7 сәуірге жоспарланған. Барлығы 25700 отбасы несиеге берілетін баспанамен қамтамасыз етіледі. 

         Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі ағымдағы жылы көп балалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасыларға 2% жылдық мөлшерлемемен жеңілдікпен займ беруді жалғастырады. Ол мақсатқа 49 млрд. теңге қарастырылған. Осылайша 5 мың адам баспана жағдайын жақсартады.  Қосымша пилоттық жобаның шеңберінде 210 млрд. теңге бөлінді, бұл «5-10-20» шарттары бойынша 16 мың несие беруге мүмкіндік береді. 

         Сондай-ақ,  бірінші вице-министр құрылыс индустриясы туралы айтты. «Бүгінгі таңда құрылыс өнімдерінің негізгі материалдарына нарықтың сұранысы 669 млрд. теңгені құрайды. 330 млрд. теңгеге өнім өзімізде өндірілсе, 339 млрд. теңгенің өнімі импортталады. Импортты алмастыру жұмыстары аясында 33 жаңа жоба іске асырылып жатыр. Осы кәсіпорындарды іске қосқаннан кейін, импорт үлесі 54%-ға дейін төмендейді және тұрғын үй құрылысында қазақстандық құрылыс индустриясының өнімдерін қолдану 95%-ға дейін артады», — деді Қ. Өскенбаев.
        Сонымен қатар, 32 млрд. теңгеге Қызылорда облысында әйнек зауытының құрылысы жүріп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласында 13 млрд. теңгеге полиэтилен құбырлар өндірісі іске қосылады («Kerim plastik pipes» ЖШС). Керамика өндірісі 26 млрд. теңгеге («Зерде керамика Ақтөбе» ЖШС) және арматура өндірісі 40 млрд. теңгеге («Тараз арматура зауыты» ЖШС) артады. 

         Ірі құрылыс компанияларымен және «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ бірлесіп, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында отқа төзімді кірпіш, жабын материалдары, санфаянс және лак-бояу бұйымдары өндірісі сияқты импортты толықтай алмастыратын жобаларды іске қосу жайын пысықтауда.

         Жалпы алғанда, бүгінгі таңда құрылыс және аралас салаларда (құрылыс индустриясы, логистика, сауда, қызметтер) 642 мың қазақстандық еңбек етеді. Қосымша бөлінетін қаражат аясында баспана құрылысындағы қанатқақты жобаларда 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Импортты алмастыратын 33 кәсіпорында 8 мыңға тарта адам жұмыс істейді.
        Баяндамасының соңында Қ. Өскенбаев дағдарыс жағдайында қолға алынып жатқан шаралар құрылыс саласының өсімін қамтамасыз етіп, жұмыс орындары санын арттыратынын атап көрсетті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.