Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырған 2 адам туралы мәліметті Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.
2015 жылғы сәби Арыс қаласы, Наурыз ауылының тұрғыны, вирусты анасынан жұқтырған. Анасы Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытында поезбен келген әйелмен жақын байланыста болған.
1984 жылғы Жетісай қаласының тұрғынынан вирус скрининг барысында анықталған.
Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ.
Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Өңірде жалпы 25 адамда коронавирус індеті расталды.
Жетісай ауданында — 13, Кентау қаласында — 2, Арыс қаласы — 2, Ордабасы — 1, Сарыағаш — 1, Мақтаарал — 4, Сайрам ауданында – 2.