• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қайрат Балабиев: Бірлігі мықты ел — індетті бірге жеңеді

30.03.2020
0

Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Р.Балабиевтің халыққа

ҮНДЕУІ (Облыс тұрғындарының НАЗАРЫНА!!!)

Құрметті түркістандықтар!

Баршаңызға белгілі, қазір бүкіл дүние жүзі коронавирус пандемиясына байланысты тым күрделі жағдайды бастан өткеруде.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әлемді жаулап келе жатқан коронавирус дертінің алдын алу жөнінде көптеген шаралар қабылдады. Елімізде осы аурумен ауырғандар саны бүгінгі таңда 125 адамға жетіп отыр. Бұл коронавирус инфекциясы – өте ауыр індет, сол себептен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы дүние жүзі бойынша пандемия жариялады.

Қазір бірқатар ел тұрғындары індеттің дүниежүзілік сипат алып отырғандығына және салынып отырған қатаң тыйымдарға қарамастан әлі де болса жасырын түрде беташарлар жасап, той-жиындар өткізуде, сақтық шараларына мүлде көңіл аудармауда.

Облыс жұртшылығы жағдайдың тым күрделі болып отырғандығын жете түсініп, жауапкершілікпен қараулары тиіс! Өйткені, өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай, көптеген елдерде, соның ішінде Италияда осы аурудың салдарынан бір күнде 600-700 адамға дейін көз жұмып жатыр, Испания, Америка елдерінде  де жағдай ушығуда. Қайтыс болған адамдарды жерлейтін табыт тапшылығы сезілуде! Испания астанасында мәйітханаларда орын болмай, хоккей алаңдарына қайтыс болғандарды уақытша қоюда.

Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев жуырда осы індеттің таралуын болдырмау жөнінде халыққа өз Үндеуін жолдады. Сонымен қатар негізгі шаралар кешенін қабылдады. Қазіргі уақытта облыс көлемінде тәулік бойы жұмыс істейтін блокпостар қойылды. Бұл бекеттерде дәрігерлер мен полиция қызметкерлері күндіз-түні өтіп жатқан көліктерді тоқтатып, ондағы жүргізушілер мен жолаушылардың дене қызуларын тексеруде.

Халық көп шоғырланатын әуежайлар, теміржол вокзалдары мен  автовокзалдар, ірі сауда,  ойын-сауық орындарының жұмысы, көпшіліктің қатысуымен өтетін іс-шаралар  толық тоқтатылды.

Мұның барлығы – халықтың денсаулығы мен өмірі үшін жасалып отырған өте маңызды шаралар. 

Қазақта «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген қанатты сөз бар. Мен барша халықты бүкіл ел болып бірлікке, осы індетке байланысты қалыптасып отырған аса күрделі ахуалға түсіністікпен қарауға шақырамын. Себебі, бұл мәселе бір Елбасымыз бен Президентіміздің, не Үкіметтің ғана проблемасы емес, бұл бүкіл қоғам болып еңсеруіміз қажет қауіпті індет.

Елбасының халыққа жолдап отырған Үндеуіне орай біз қолынан іс келетін барша іскер азаматтардан, кәсіпкерлерден, ірі кәсіпорын басшыларынан ел басына осындай күн туғанда аянып қалмастан, мүмкіндігінше, қолдан келген көмектеріңізді берулеріңізді сұраймыз. Бұл ретте үлкен алпауыт елдердің өзі бұл індетке дайын болған жоқ.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев коронавирус індетіне байланысты қалыптасып отырған ауыр экономикалық жағдайда шағын және орта бизнес субъектілерін, халықты қолдау мақсатында 10 млрд. теңге бөліп отыр. Сондай-ақ, кредиті бар азаматтарға кредиттік төлемдерін уақытша                   3 айға дейін тоқтата тұруға мүмкіндік берілуде. «Нұр Отан» партиясы тарапынан халықтың әл-ауқаты төмен топтарына көмек беру мәселесі қолға алынып отыр. «Біз біргеміз» акциясы шеңберінде облыс бойынша 1500 аз қамтамасыз етілген отбасыға азық-түлік таратылып, қолдан келгенше жәрдем берілуде. Осы тектес игі шаралар «Nur Otan» партиясы тарапынан да, облыс әкімдігі тарапынан да жалғасын табатын болады. Дегенмен, қаншама адам өмірін алып кеткен зұлым індет жағдайында мұның барлығы мұхитқа тамған бір ғана тамшы секілді. Біз осы індетті жеңуіміз үшін дүйім ел болып бірігуіміз қажет.

Ортағасырлық ислам әлеміндегі әйгілі және беделді парсы ғалымы Әбу Әли Ибн Сина  өз заманында тараған індет кезінде оны тоқтату мақсатында ауыл-ауылдарды аралап жүріп, халыққа мешітте, тойларда, көпшілік шараларда жиналып бас қосуға болмайтындығын, тазалыққа айрықша мән беру керектігін айтып түсіндірген екен.

Сол себептен, әрбір отбасы өздерінің қауіпсіздігі үшін көшеге шықпай, жеке бастарының гигиенасына жете мән берулері керек!

Халық алдында өте жауапты кезең тұр. Енгізілген шектеулерге әрбір азамат үлкен жауапкершілікпен қарап, тәртіпке бағынуы қажет!

Құдай сақтансаң сақтайды!

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.