«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы қызметіне Бүрлібаев Тасқынбай Еркебайұлы тағайындалды, — деп хабарлайдың партияның қалалық филиалының баспасөз қызметінен.
Тасқынбай Бүрлібаев 1960 жылдың 03 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданының Шеңгелді елді мекенінде дүниеге келген. Білімі — жоғары.
Еңбек жолын 1977 жылы Амангелді атындағы орта мектеп кітапханасының меңгерушісі болып бастап, 1984-1997 жылдары аралығында «Ходжатугайский» Мемлекеттік асыл тұқымды зауытының аға бухгалтері, ҚазССР Қаржы Министрлігі жанындағы шаруашылық есептегі тексеру тобының Шымкент филиалының ҚРУ аға бақылаушы-тексерушісі, ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің басқарма бастығы, ҚР Қаржы Министрлігі жанындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы-валюталық бақылау басқармасының бастығы лауазымдарын атқарған. 1998-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Кеден комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің сыртқы экономикалық байланыстар және инвестиция жөніндегі комитетінің төрағасы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі, Қазақстандағы «Bonita Group Limited» өкілдігінің басшысы, «Warsan» поляк-қазақстандық бірлескен кәсіпорны директорының кеңесшісі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының кеңесшісі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Қазіргі таңда «Санжар Индастриз» ЖШС-де жоба үйлестірушісі қызметін атқарып келеді.
2015 жылдың мамыр айынан «Nur Otan» партиясының мүшесі.