Абоненттерде ұялы телефон операторының атауы тұратын жерде BizBirgemiz немесе BUD’ DOMA хештегі пайда болған.

Еске салайық, 17 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды.
Мұндай шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID -19 таралу жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.