Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдардың саны 57-ге жетті, — деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Тағы бір науқас Алматыда тіркелген.
«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында — 23 адам, Қарағанды қаласында — 2, Алматы облысында — 1 адам, жалпы 57 науқас тіркелді», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Алматы мен Нұр-Сұлтан толығымен жабылады. «Жасыл дәліз» тек жүк тасымалдаушылар үшін ашық.
Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтанда тағы 2 адам коронавирус жұқтырғаны хабарланған.