Мегаполистегі мөлтек аудандар емханаларға тапсырылды,-деп хабарлайды aigak.kz тілшісі.
Халық көп шоғырланатын жерлерде сақтық шараларын мейлінше күшейткен абзал. Осы мақсатта мегаполистегі әр емханаға жұмыстар жүктелді. Мәселен, төтенше жағдайды алдын алу үшін қазіргі таңда, №2 қалалық емханаға 16,17, 18 мөлтек аудандары бөлінді.
Халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізілген тексеру кезінде тұрғындардың әлі де азаймағанын байқадық. Медицина қызметкерлері вирустың таралуын болдырмау бағытында осындай орындарға баса назар аударып, тексеру жұмыстарын жиі жүргізуде. Қуанышқа орай, қауіпті індеттің белгілері ешқандай адамнан табылған жоқ.