Тағы бес адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі растады.
«20 наурыз 08:30-дағы жағдай бойынша Қазақстандағы коронавирус жұқтыру туралы. Коронавирус жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Бүгінде елде барлығы 49 адам, оның 22-сі Алматыда, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екі адам Қарағандыда тіркелді», -делінген хабарламада.
Қарағандыда екі адамнан коронавирус анықталды
Бұған дейін барлығы 44 адам болған еді, Алматыда — 19, Нұр-Сұлтанда — 25 адам тіркелген. Стационарлық карантинде 860, үй карантинінде 2611 адам жатыр.