• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАЛАР

19.03.2020
0

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАЛАР

17 наурыз 2015 жыл

Қазақстанның қаржы жүйесіндегі жағдай тұрақты — М. Әбілқасымова

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 13 наурызында жедел штаб отырысында төтенше жағдай режимінің әсерін жеңілдету үшін, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп қаржы жүйесінің тұрақтылығын және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірледі. Бұл туралы бүгін Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова ҚР Үкіметі отырысында «төтенше жағдайдың енгізілуіне және әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты макропруденциалдық реттеудің уақытша шаралары» туралы тақырыбында баяндама жасады.

Бірінші шара қаржы жүйесінің тұрақтылығына бағытталған.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесіндегі жағдай тұрақты. Шоғырландырылған деңгейде екінші деңгейдегі банктердің үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және банк қызметтерінің толық тізбесін көрсету үшін меншікті капиталы мен өтімділігінің айтарлықтай қоры бар. Банк салымшылары үшін тәуекелдер жоқ. Активтердің сапасын тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша реттеуші минимумға қатысты k1 капитал жеткіліктілігінің артуы түзетулерді ескере отырып, 70% — ды құрайды. Агенттік тауар және қаржы нарықтарында банктердің тұрақтылығын анықтау үшін банк жүйесін жүйелі деңгейде және банктер бойынша жеке стресс-тестілеу бойынша потециалды шоктарға жұмыс жүргізуде», — деп хабарлады қаржы  басшысы.

Ағымдағы жылдың 30 наурызына дейін активтердің сапасын тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша банктердің түзету іс- қимылдарының жоспарлары қабылданатын болады. Сонымен қатар, өзгерген экономикалық шарттарды назарға ала отырып, банктер үшін 2020 жылдың 1 қазанына дейін провизияларды есептеу бойынша тәсілдерді қатайтатын бірқатар реттеуші шараларды енгізу кейінге қалдырылады, -деді  М. Әбілқасымова.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2020 жылдың 01 сәуірінен- 01 қазанына дейін қазақстандық бизнеске кредит беру деңгейін төмендетуге жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.

«Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін қазақстандық бизнеске кредит беру деңгейін төмендетуге жол бермеуге бағытталған пруденциялық реттеудің уақытша шаралары қабылданады. Аталған реттеу шаралары контрциклдік сипатқа ие және капитал мен банктердің өтімділігін төмендетуге бағытталған», — деп атап өтті Агенттік басшысы.

Бұл үшін Агенттік бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары, мемлекеттік және жеке меншік әріптестік шеңберінде жобаларды қаржыландыру кезінде кепілдіктердің тізбесін кеңейтеді және ШОБ кредиттері, МЖӘ және синдикатталған кредиттер бойынша төмендетілген тәуекел-өлшеуді енгізеді. Қосымша, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қарыз бойынша төлемді кейінге қалдыру реттеуші талаптар бойынша құнсыздануды және провизияларды талап етпейді.

«Өтімділікті сақтау және банктерде тұрақты қорларды қолдау үшін жоғары өтімді деп танылған активтердің тізбесі кеңейтіледі. Сонымен қатар, банктердің валюталық тәуекелдерін төмендету үшін ұзақ валюталық позиция лимиті және нетто-валюталық позиция лимиті төмендетіледі, — деді М. Әбілқасымова. Қор және сақтандыру нарықтарының субъектілері үшін тәуекелді өлшеу коэффициенттері де төмендетілетін болады. НҚА-ға тиісті түзетулер дайындалды және ағымдағы жылдың 30 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі. 2020 жылдың 16 наурызынан бастап Агенттік банктерге халықтың теңгедегі депозиттері мен қолданыстағы жинақ депозиттері бойынша жаңадан тартылатын мөлшерлемелерді ҚМКҚ-ның ұсынған ставкаларының өзгеруіне барабар арттыруды ұсынады».

Қазақстанда жеке тұлғалардың тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзім өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының Президенті К. К. Тоқаевтың ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген кепілсіз тұтынушылық несиелеудің шамадан тыс өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде төтенше жағдай кезеңінде және одан әрі заңнамалық деңгейде жеке тұлғалардың кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімін өткізіп алған кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады.

«Жеке тұлғалардың кредиттік тарихын қалпына келтіру үшін қарыз алушы 12 ай ішінде мерзімі өткен берешектің 50%-дан астамын өтеген және кейіннен міндеттемелерді орындаған жағдайда теріс кредиттік тарихты түзету мүмкіндігі қарастырылады», — деді М. Әбілқасымова.

Қаржы басшысы коронавирусқа байланысты бизнеске және халыққа қарыз жүктемесінің өсуін төмендету шаралары туралы айтты.

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 2020 жылғы 16 наурызы мен 15 сәуір аралығындағы кезеңде төтенше жағдайдың енгізілуіне және экономиканың белгілі бір салаларына қатысты шектеу шараларын қолдануға байланысты халықтың, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеу жөнінде қосымша шаралар қажет етеді. Бұл туралы бүгін  ҚР Үкіметі отырысында агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.

Агенттік Екінші деңгейдегі банктермен және кредиттік нарықтың басқа да субъектілерімен, сондай-ақ «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп мынадай шаралар қабылдауды ұсынады.

«Біріншіден, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 359- бабына сәйкес несие бойынша міндеттемені орындамаған қарыз алушы еңсерілмейтін күш жағдайлары , яғни дүлей құбылыстар, әскери іс- қимылдар және т.б . сияқты төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлар болған кезде мүліктік жауапкершілікте болмайды», — деп хабарлады қаржы басшысы.

«Осыған байланысты қарыздар мен микрокредиттер бойынша төтенше жағдайды енгізу себебінен туындайтын жеке және заңды тұлғалардың қарыздары және (немесе) микрокредиттері бойынша төлемдерді кешіктірген кезде айыппұлдар және (немесе) өсімпұлдар ( тұрақсыздық айыбы) есептелмеуге тиіс . Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға банктер ғана емес, сонымен қатар ломбардтар мен кредиттік серіктестіктерді қоса алғанда, барлық әлемдік қаржы ұйымдары, сондай-ақ қарыз беретін өзге де кредиторларға қолданылатын болады.

Екіншіден,»Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34- бабының 3-тармағына және «микроқаржы қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3- бабының 6- тармағына сәйкес кредиторлар қарыз алушы үшін жақсартылған жағдайда қарыз шартының талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.

«Осыған байланысты банктер мен микроқаржы ұйымдары төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне 90 күнге дейінгі мерзімге негізгі қарыз бен сыйақыны қоса алғанда , төлемдерді кейінге қалдыру бойынша жұмыстарды жүргізу қажет», — деп түйіндеді М. Әбілқасымова.

Банктер және кредиттік нарықтың басқа да субъектілері көрсетілген шараларды іске асыру үшін қарыз алушылармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен тетіктерін, халық пен бизнестің ыңғайлылығы үшін қашықтықтан айқындайтын болады.

Агенттік Қаржы нарығындағы ахуалдың күшейтілген мониторингін жалғастырады және аталған шаралардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді.

Толығырақ ақпаратты төменде көрсетілген телефон арқылы алуға болады:

+7 (727) 2788 121

e-mail: Fingramota@finreg.kz

www.finreg.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.