Шымкент қаласы, А-2 «Алматы-Ташкент-Термез» (Жиделібайсын) автомобиль жолы мен Темірлан тас жолы қиылысында оң жақ өткелдерін қайта құру жұмыстарына байланысты, ағымдағы жылдың 20 наурызында сағат 15-00 бастап жол қозғалысына келесі өзгерістер енгізілетін болады:
1. А-2автомобиль жолы (Жиделібайсын) мен Темірлан тас жолы қиылысындағы бағдаршам өшіріледі.
2. Жол қозғалысы сызбасына сәйкес, бұрылыстар оң жақ өткелдер арқылы ұйымдастырылып, А-2 автомобиль жолы (Жиделібайсын) мен Темірлан тас жолы қиылысындағыжол айрығында сол жақ бұрылыстарға тиым салынады. Осыған орай, оң жақ өткелдерде екі жақтама жол қозғалысы ұйымдастырылады.
Құрылыс барысында құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыру үшін, қажеттілікке қарай кейбір оң жақ өткелі арқылы көлік қозғалысы уақытша жабылып, көлік қозғалысы бағдаршам арқылы реттелетін болады.