Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 16 наурыз 8:00-ден 15 сәуір 7:00-ге дейін төтенше жағдай жариялаған болатын. Коронавирустың таралу қаупіне байланысты ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық, сондай-ақ, отбасылық, еске алу іс-шараларды өткізу уақытын кейінге шегерілуі айтылды.
⠀
Осы мақсатта, қала әкімдігінде Рашид Абатұлының төрағалығымен жедел штаб жиыны өтті, — деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Түркістан қаласы аумағында Төтенше жағдай уақытында қауіпсіздіктің алдын алу шаралары жүйелі жүреді.
⠀
Атап айтсақ, тойханалар, театр, көрме сынды халық көп шоғырланатын жерлер қызметін тоқтатып, оны қадағалау полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
⠀
Базарлар жұмыс істегенімен, дезинфекциялау және тазалық жұмыстары күшейтілетін болады.
⠀
Сонымен қатар, жарлыққа сай азық-түлік дүкендерінің жұмыс істеу-істемеу шешімін әрбір жергілікті атқарушы органға тапсырылған болатын. Рашид Абатұлы, азық-түлік дүкендері және дәріханалардың жұмысы тоқтамайтынын айтты.
⠀
КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА
Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...










