Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 14 наурыз 2020 жылғы №63 бұйрығына сәйкес, Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары аясында 2020 жылдың 16 наурызынан бастап келушілер үшін өз жұмысын уақытша тоқтататынын хабарлады. Бұл туралы ақпаратты Түркістан облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасын қадағалау департаментінің баспасөз қызметі фейсбук парақшасында таратты, — деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі.