Коронавирус жұқпасының таралуына жол бермеу мақсатында Түркістан облысында залалсыздандыру шаралары күшейтіліп, бақылау артты, — деп хабарлайды Түркістан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12.03.2020 жылғы «Қазақстан Республикасында пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» №20 ПГВр қаулысында көзделген міндеттер өңірдегі қала мен аудандарда тиянақты жүзеге асырылуда.

Облыс орталығы — Түркістан қаласында халық көп жиналатын орындарда түсіндіру жұмыстары жалғасын тауып келеді.

Бүгін Түркістан қалалық басқарма басшылары мен мамандары «Қуаныш» ЖШС базары және «Жолаушылар тасмалы» ЖШС-де коронавирустық инфекцияның негізгі белгілері мен одан сақтану жолдарын насихаттауға арналған жиын өткізді.
Сонымен қатар, қаладағы қоғамдық көліктердің әр жолсапардан кейін жуылуы мен дезинфекциялануы қадағалауға алынды. Қоғамдық орындарда тазалау, залалсыздандыру шаралары да жүйелі жүзеге асырылады.