Облыс орталығы Түркістан қаласында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының нәтижесін жоғары бағалаған облыстық мәслихаттың депутаты Рахым Тәңірбергенов бүгін 56-шы көктемін қарсы алған Өмірзақ Шөкеевті туған күнімен құттықтады. Рухани астананың бүгінде жергілікті жұрт үшін де, шетелден келетін туристер үшін де потенциалы жоғарылай түскен. Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың назарындағы шығыстық үлгідегі дизайн, Түркістан тарихындағы даму, дәуір жылнамасындағы жаңару — жақсы істердің еңселі есебін еселейді. Осы ретте, «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы Түркістан облысының ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы, Елбасының курстасы Әсетулла Кәрімов және Түркістан облыстық мәслихаттың депутаты Рахым Тәңірбергеновтермен сұхбаттасып, пікірін тыңдадық.



«Батаменен ел көгереді» деген аталы сөздің мағынасын ашқан қариялар келбеті ғана емес, халқының көзқарасы да жақсылыққа өзгере түскен мәйегін мақтанышпен айтып марқайды.
Рухани астана статусындағы руханият ордасының келешегі кемел.