Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус Женевада коронавирус инфекциясының таралуын «пандемия» деп таныған. Ол өз сөзінде таяу күндері ауру жұқтырған елдер қатары көбейеді деген. Соған байланысты мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев өз парақшасында Үкімет арнайы алдын-ала қолға алу шараларын ұйымдастыратынын және қоғамдық іс-шараларды уақытша тоқтату жөнінде мәлімдеді. 2020 жылдың 20-наурыз күні өтетін Шымкент ТМД елдерінің мәлени астанасы жылының ашылу саланаты кейінге қалдырылатын болады.Сондай-ақ, 16-наурыздан 5-сәуір аралығында білім беру мекемелері жұмыстарын тоқтатады. Сонымен қатар, спорттық іс-шаралар көрермендерсіз өткізіліп, кинотеатрлар уақытша жұмыс істемейтін болады»,- деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков.