Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары болып полиция подполковнигі Құрманбек Сахов тағайындалды, — деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Түркістан облысы полиция департаменті бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары болып полиция подполковнигі Құрманбек Сахов тағайындалды.
Бұдан алдын ол, Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған. Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков өзінің жаңа орынбасарын жеке құрамға таныстырып, жұмыста табыс тіледі.
Полиция подполковнигі Құрманбек Сахов Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Ішкі істер органдарындағы қызметін жедел уәкіл ретінде бастаған, жедел лауазымдарда, одан әрі Қазығұрт, Абай АПБ бастығының орынбасары, Ордабасы АПБ бастығы қызметтерін атқарған. 2018 жылдың тамыз айынан бастап Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы қызметінде болды. Еңбек жолында ІІ -ші дәрежелі «Айбын» орденімен, медальдармен және басқа да грамоталармен марапатталған.