• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Желтоқсан 28, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Д.Назарбаева: Жеңіл өнеркәсіптің шикізат базасын дамыту – басым бағыт

05.03.2020
0

Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі: қазіргі жай-күйі және өнімділігі жоғары бизнестің даму болашағы» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау болды.

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева кіріспе сөзінде жеңіл өнеркәсіп –өнеркәсіптегі ең проблемалы сектор екенін және экономикада өңдеуші саланың айрықша басымдықта болуына байланысты бұл сала көп уақыт бойы назардан тыс қалып келгенін атап өтті.

«Жеңіл өнеркәсіп экономиканы түрлендіруге, әсіресе пайдалы қазбалар қорының азайып, мұнай бағасының төмендеген кезінде  дағдарыс толқынына қарсы тұру мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Жеңіл өнеркәсіп – әлеуметтік маңызға ие сала. Ол халықтың, әсіресе әйелдердің жоғары деңгейде жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді», — деді Сенат басшысы.

Парламенттік тыңдау алдындағы жағдайды талдау жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы бірқатар кедергілерді анықтауға мүмкіндік берді. Оның ішінде өндірістің қымбаттығы, қажетті жабдықтардың жоқтығы, шикізат тапшылығы, мемлекеттік қолдау шаралары тиімділігінің төмендігі, жеңіл өнеркәсіп үшін сенімді келешектің жоқтығы, кәсіпкерлердің барлық күш-жігерін жоққа шығаратын көлеңкелі импорттың болғаны аталып өтілді.

Сенат Төрағасы қазіргі кезде еліміздегі жеңіл өнеркәсіпке көбінесе ведомстволық мемлекеттік тапсырыстар арқылы қолдау жасалып отырғанын айта келіп, кәсіпорындар соның есебінен жұмысын жалғастырып келе жатқанына тоқталды.

«Мен бәсеке тым күшті, жарысқа түсудің еш мағынасы жоқ, ал күш-жігерімізді анағұрлым болашағы бар салаларға жұмсау керек деген пікірді талай естідім. Шын мәнісінде осылай ма? Бірден ұлттық жеңіл өнеркәсіптен бас тартып, импортқа, яғни шетелдік өндірушілердің еркіне жығыла салған орынды ма? Ол қадамның дұрыс емес екеніне сенімдімін», — деді Д.Назарбаева.

Сенат Төрағасының айтуынша, басты проблема жергілікті шикізаттың, ең алдымен былғары мен жүннің тапшылығы болып отыр. Шикізат проблемасы агроөнеркәсіп кешені алдына жаңа міндеттер қояды. «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасында жеңіл өнеркәсіптің шикізат базасын дамыту бойынша тиісті шаралар қарастыру қажет», — деді ол.

Талқылауда сөз алған депутат Манап Көбенов жеңіл өнеркәсіп жағдайына макроэкономикалық тұрғыда баға берді. «Біз қазір жеңіл өнеркәсіп экономикалық қауіпсіздікті, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын білеміз, шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді», — деді сенатор. «Сондықтан жеңіл өнеркәсіп ахуалы бүгінгі күнгі макроэкономикалық мәселе».

М.Көбенов жеңіл өнеркәсіпті өңдеу өнеркәсібінің жеке түрі ретінде заңнамалық деңгейде бөлуді ұсынды. «Жеңіл өнеркәсіпті дамытуға жауапты жеке мемлекеттік орган құру мәселесін қарау қажеттігі туындап отыр. Тіпті министрлік құрамына кіретін комитет деңгейінде болса да», — деді ол.

Кәсіпкер Сәуле Шауенова жеңіл өнеркәсіпті дамыту тақырыбын жалғастыра отырып, өзіміздің шикізат базамыз бен шикізатты өңдеу кешенін дамыту мен қалыптастыруды, шикізатпен қамтамасыз ету сапасын арттыруды, жоғары дәрежелі жартылай фабрикаттарды дамытуды басым шаралар ретінде атап өтті.

Өңдеуші өнеркәсіп одағының атқарушы директоры Әділбек Бектібаев өз сөзінде мемлекеттік тапсырыстарды беру тәсілдерін қайта қарауды және сертификаттау кезінде жауапкершілікті күшейтуді ұсынды.

Дизайнер Мәди Сыпатаев саланы дамытудың бір жолы ретінде AliExpress сияқты интернет-коммерцияға арналған алаңдарды пайдалану арқылы қазақстандық киімді сату нарығын кеңейтуді ұсынды.

Дариға Назарбаева өзінің қорытынды сөзінде дәл қазіргі жағдайда жеңіл өнеркәсіп саласы технологиялық және қаржылық тұрғыда толыққанды дамуға дайын емес екенін атап өтті. Саланы дамытудың ұзақ мерзімді, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасымен тығыз үйлестірілген, заңдармен, тұрақты қағидалармен және қаржымен қамтамасыз етілген бағдарламасын қабылдау керек. Ол құжатта шикізат базасын дамыту, мемлекеттік тапсырыс алуға мүмкіндігі бар кәсіпорындардың бірігуін, кластерлердің, консорциумдардың құрылуын, тиімді салааралық байланыстардың орнатылуын ынталандыру туралы шаралар көзделуі тиіс. «Кеткен қателіктер түзетілуі керек. Саланы кооперациясыз көтере алмаймыз», — деді Д.Назарбаева.

Д.Назарбаева саланы қолдау мен дамыту шаралары ретінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарына кәсіби біліктілік деңгейін арттыруға, нысаналы қайта оқытуға көмектесу, сондай-ақ салық, ақша-несие және кеден саясатын жетілдіруге, нарықты қорғауға және контрабандаға қарсы күреске көмек көрсетуді атап өтті.

«Контрабанда мен контрафакт, бірінші кезекте шағын және орта бизнеске жасалған индустриялық соққы, бұл оларды бәсекеге қабілетсіз етеді. Мұндай жасанды әрі сапасыз өнімдерден тұтынушылар зардап шегеді. Әсіресе, контрабанда арқылы елімізге балаларға арналған сапасыз, тіпті олардың денсаулығына қауіпті тауарлардың келетіні қатты алаңдатады», — деп атап өтті Сенат басшысы.

Дариға Назарбаева тыңдауды қорытындылай келіп, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне жеңіл және химия өнеркәсібін дамыту бағдарламасымен тығыз байланыстырылған жаңа Агроөнеркәсіп кешені бағдарламасын  жасау туралы бірлескен комиссия құруды ұсынды. Сонымен қатар Сенат жанынан құрылған Агроөнеркәсіп кешені жөніндегі кеңестің қызмет аясын жеңіл және химия өнеркәсібімен кеңейту ұсынылды. 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.