Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістандықтар МӘМС аясында тегін ем қабылдап жатыр
    Айғақ MEDIA

    Түркістандықтар МӘМС аясында тегін ем қабылдап жатыр

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.02.2020285 Views

       Түркістан облысына «Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов арнайы іс сапармен келді. Сапары барысында Сарыағаш ауданындағы бірқатар медициналық мекемелерді аралап, елді мекендердегі Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмысымен танысты. Алдымен А.Нышанбайұлы аудандық орталық ауруханасында болды. Онда МӘМС жүйесі арқылы тегін ем қабылдап жатқан науқастармен кездесіп, жаңа жобаның артықшылықтарын түсіндірді.

    «2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Қазіргі уақытта Түркістан облысы тұрғындарының 96,9 % МӘМС қатысушылары болды. Оның ішінде 1 млн. 300 мың адам — бұл 15 жеңілдігі бар санаттағы азаматтар, ал олар үшін жарналарды мемлекет жүзеге асырады. Қор облыс бойынша 73 медициналық мекемемен келісім шартқа отыру жоспарланған. Оның ішінде, 40-ы мемлекеттік, ал 33-і жеке клиника. Келісімге келген мекемелерде медициналық сақтандырылған азаматтар ақысыз түрде ем қабылдай алады», – деді А.Жұмағұлов.Жалпы аудандық орталық ауруханасына 188 803 тұрғын тіркелген. Бүгінде сақтандырылған тұрғындар емханада компьютерлік томография (КТ) мен магнитті резонансты томографиядан (МРТ) тегін өте алады. МӘМС аясында алғашқы медико-санитарлық көмек, балаларға мамандандырылған медициналық көмек, ересектерге арналған мамандандарылған медициналық көмек көрсетумен айналысатын медициналық ұйымдардың мүмкіндігі кеңейе түскен. Жаңа жүйе аясында ауыл медицинасына жіті назар аударылып жатыр. Ауылдық жерлерде тұратын азамттар тек сол жердегі аудандық ауруханамен ғана шектеліп қоймай, егер қандай да бір күрделі дәрігерлік ем-шара керек болатын болса, облыс немесе республикалық деңгейде шығып, сол қызметті алуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, бүгінде аудан көлемінде жаңадан бірнеше бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталықтары ашылған. Басқарма төрағасы солардың қатарына кіретін «Көктөбе» медициналық мекемесінде де болды. Орталықта кардиолог, хирург, стоматолог бейінді мамандар 20239 науқасқа қызмет көрсетіп келеді. Онда 15 дәрігер, 76 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Айта кетерлігі, бұрын ауыл тұрғындары бейінді мамандардың көмегін аудандық ауруханадан алатын болса казіргі уақытта ешкедергісіз өз ауылында орналасқан емхана көмегіне жүгінеді.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.