Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ОБЛЫСТЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ БІР КҮНДЕ 50-ДЕН АСТАМ ТҰРҒЫННЫҢ ШАҒЫМЫН ТЫҢДАДЫ
    Айғақ MEDIA

    ОБЛЫСТЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ БІР КҮНДЕ 50-ДЕН АСТАМ ТҰРҒЫННЫҢ ШАҒЫМЫН ТЫҢДАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.02.2020244 Views

    «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті қабылдау өтті. Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков 50-ден астам адамның өтініштері мен шағымдарын тыңдады, -деп хабарлайды «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.Әсіресе, мал ұрлығы бойынша арыздар көп болды. Сонымен бірге тергеудің әділ жүрмегені, тәртіп сақшыларының заңсыз әрекетіне шағымданғандар да кездесті. Топ болып келіп арызданғандарға да жауап берілді.

    Мәселен, бәйдібектік Б.Есмұрзаев мал ұрлығы тыйылмай тұрғанын, ұрыларды ұстау бағытындағы жұмыстарға көңілі толмайтынын айтты. Қайрат Дәлбеков істің жақында сотқа өткенін мәлімдеді. Тергеу басқармасының басшысына тергеуді сапалы жүргізу жөнінде тапсырма берді. Ал тағы да мал ұрлығы бойынша арызданған Д.Искаковты тағы жеке қабылдайтын болды. Кентаулық С.Іргебаев қылмыстық істің ашылмай жатқанына ренішін жеткізді. Бұл тұрғынның арыза бойынша қайтадан сараптама жұмыстары жүреді. Арыстық Ғ.Оспанов пен түркістандық Ж.Қалымбетов ішкі істер органына жұмыс іздей келіпті. Полиция генерал-майоры бос жұмыс орындары болса, өтінішті қарастыратынын мәлімдеді. Сондай-ақ «полицейлер ұлымды ұрып-соқты» деп арызданған Г.Қалкөзованың да арызы бақылауға алынбақ.


    Полиция бастығы әр тұрғынның арызын мұқият тыңдады. Кейбір мәселелер бойынша тергеушілер мен қызметкерлеріне сол сәтте нақты тапсырма беріп, қатаң қадағалайтынын айтты. Бірқатар шағымға байланысты тұрғындармен тағы да кездесіп, істі соңына дейін жеткізуге уәде берді. «Полицейлерден үнемі халықпен тығыз байланыс орнатып, жанашыр болуды талап етемін. Жұртшылықпен диалог орнату, олардың мәселелерін заң талабына сай жылдам шешу бағытында жұмыс жалғаса береді»,-деді Қ.Дәлбеков.

    Бұл күні алдын ала жазылғаннан бөлек тұрғындар да көп болды. Жиылған жұртшылық жауапты басшылармен кездестіріп, елдің мұң-мұқтажын айтуына мүмкіндік берген жетекші партияға алғыстарын білдірді.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.