Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН: ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНЫҢ МӘНІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН: ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНЫҢ МӘНІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.02.20202 425 Views

    Туризмнің маңызды саласының бөлігі болып саналатын қонақ үй нарқының қазіргі жағдайы сын көтермейді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейржан Мырзалиевтың қатысуымен өткен кәсіпкерлерге арналған отырыста айтылды. Жиында туристерді халықаралық стандарттарға сай жайғастырып, жоғары деңгейде қызмет көрсету сапасы кеңінен талқыланды.

     

     

    «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығының қызметкерлерінің ұйытқы болуымен өткен жиынға өңірдегі демалыс орындары мен қонақ үй құрылтайшылары, кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен аудан, қала әкімдіктерінің бөлім басшылары қатысты. Көне шаһарда қазір 40-қа жуық қонақ үй қызмет көрсетеді. Бөлменің бағасы-15-45 мың теңге аралығында. Наурыз мерекесі қарсаңында жылдағы үрдіс бойынша мыңдаған қонақ келеді деп күтілуде. Жиында сол қонақ күтетін орындардың күйі мен қызмет сапасы сынға ілікті.

    Экономиканы дамытуда елеулі үлесі бар сала бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Демек, қонақжайлық танытып, мәдени түрде қызмет көрсету, тамақтану, жеке бастың қауіпсіздігі мен тазалығы, денсаулық сақтау саласы сияқты бірінші кезектегі қажеттеліктері толықтай қамтылған екі және үш жұлдызды қонақ үй шаруашылығын жетілдіру қажет, дейді сала мамандары. Осы мақсатта жастар жұмысқа тартылып, талап күшейтілетін болады.

    «Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қонақ үй бизнесін дамытуға барынша қолдау көрсетіліп келеді. Екі микроқаржы ұйымы мен «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жеңілдетілген бағамен несие берілуде. Соның аясында өздеріңіз білесіздер «Rixos» қонақ үйі салынып, шілде айында пайдалуға берілгелі отыр. Атауы әлемдік деңгейдегі брендке айналған кешеннің ашылуы саяхатшыларға қонақ үй бизнесінің қазіргі заманғы даму деңгейін көрсетеді. Сіздер де бәсекеге дайын болуларыңыз қажет»,-деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

    Отырыста облыстың әр аудандарынан келген кәсіпкерлер бизнесті дөңгелетуде орын алып жатқан көкейкесті мәселелерімен бөлісті. Олар: несие алу, шипажай қызметін дамыту, тасымалдау қызметін реттестіру. Мәселелер алдағы уақытта терең зерттелмек. Облыс бойынша қазір 168 қонақ үй, 51 емдік-сауықтыру шипажайлары мен 60 демалыс үйлері қызмет көрсетеді.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.