Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«Қорқыт» этно ансамблі рекордтар кітабына енді
    Айғақ MEDIA

    «Қорқыт» этно ансамблі рекордтар кітабына енді

    Айғақ медиаАйғақ медиа19.02.2020936 Views

    Елорда да  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этно ансамблі  Алтын Орда хандығының 750 жылдығы аясында 75 шығарма орындап, Гиннесс рекордтар кітабына енді, — деп хабарлайды Мемлекеттік академиялық филармонияның баспасөз қызметі

    Аталған тарихи сәтте экс-министр, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы құттықтау хатын жолдады.
    — «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этно ансамблін және оның көркемдік жетекшісі, мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбекті елімізде тұңғыш рет 75 шығарма орындап, Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына енуімен құттықтаймын.
    Рекордтар кітабына ену кез-келгеннің қолынан келмес дүние. Өйткені, «Қорқыт» этно ансамблі 20 күнде осы шараға тыңғылықты дайындалып, күй шығарып, барлық қазақтың аспабында оны шебер ойнай білді.
    Қазақстан бойынша орнатқан рекордтарыңыз құтты болсын дей келе, шығармашылық ұжымға табыс, жаңа белестерді бағындырып, жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!
    Жеңіс құтты болсын!», — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

    Аталған өнер ұжымы қазақ және шетел авторларының 75 музыкалық шығармасын нотаға қарамай, еш бөгеліссіз орындап шықты.

    Күй кешінде өнерпаздар домбыра, сырнай, қобыз, қылқобыз, нарқобыз, тағы да басқа қазақтың ұлттық аспаптарында ойнаса, күйшілер Қазақстанда алғаш рет non-stop режімінде музыкалық шығармаларды паш етті.

    Қорқыт, Сүгір, Қазанғап, Құрманғазы, Нұрғиса Тілендиев, Әбдімомын Желдібаев сынды түрлі қазақ және шетел авторларының шығармалары ұсынылған кеш  Бауыржан Ақтаевтың «Ғасырлар үні» туындысымен қорытындыланды.

    Тарихи жылда 75 тарихи туындымен өз қолтаңбаларын қалдырған «Қорқыт» этно ансамбліне Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов арнайы сертификат табыстады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.