Бензин тасымалдайтын машина аударылды. «Камаз»(бензовоз) жүк көлігі «Гелиос» ЖШС-на қарасты. АИ-95 маркалы көлігінен бензин төгілген. Тасымалдау машина жалпы сыйымдылығы 23 тонналық, қазіргі уақытта қанша жаран-жағар майдың төгілгені белгісіз. Бұл оқиға 2020 жылғы 17 ақпанда сағат 12:28-де болған. Шымкент қалалықТЖ департаментінің жедел кезекшілеріне бензин тасымалдайтын машинаның аударылып кеткені туралы хабарлама келген. Оқиға Қаратау ауданы, Бәйдібек би көшесі, Бозарық тұрғын алабындағы айналма жолында болған.
Алдын ала болжам бойынша жүргізуші рөлді басқара алмай, автокөлік бір бетіне аударылған. Қуанышқа орай, оқиға орнында өрт болған жоқ, ешкім зардап шекпеген. Сондай-ақ, қауіпсіздікті сақтау мақсатында өрт сөндірушілер төгілген мұнай өнімдеріне «Пурга-5» маркалы көбікті оқпанпен шабуыл жасады. Қазіргі уақытта төгілген жанар-жағар майдың көлемі анықталуда.