• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Ақпан 22, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Қордайдағы қақтығыс: Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады

11.02.2020
0

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі отырысында Жамбыл облысы Қордай облысында болған қақтығысқа қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Елбасы қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендерге сауығып кетуін тіледі.

«Ең алдымен Қордай ауданындағы жағдайға келетін болсақ, онда кішігірім жанжалдың салдарынан бірнеше адам қайтыс болды, зардеп шеккендер де бар. Қайтыс болғандардың отбасына өз атымнан, сіздердің атыңыздан, еліміздің атынан шын жүрегімнен көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Біздің Президентіміз ол жайында мәселелерді өте шұғыл қабылдап, нақты тапсырма берді, ел атынан көңіл айтты. Жанжал тұрмыстық кикілжіңнен басталды. Оның күрделі салдары тұрғындардың бір бөлігінің ашу-ызасын келтірді. Қандай қылмысы болса да адамның жанын қиюға бола ма? Сондықтан бұл өте оңай жағдай емес біз үшін», — деп мәлімдеді Назарбаев.

Сондай-ақ, ол бұл жағдайдан қатты қиналғанын, қынжылғанын айтты.

«Шынын айтқанда бұл мені өте қатты қинап, қынжылтқан мәселе болды. Себебі 30 жылдың ішінде қандай қиындықтан өттік. 1991-1992 жылдары дүниеге келген балалар қазір жаңадан 30-ға келіп жатыр. Білмейді ештеңені. Қазақстанның 130 мекемесі тоқтап қалды. 2,5 миллион адам жұмыссыз қалды, жалақысыз қалды. Сондай қиындықтардан өттік емес пе. Ол оңай болған жоқ. Соны басып, көпұлтты халқымызды тыныштыққа шақырып, бүгінгі тұрақтылық болмаса ешкім бізге инвестиция әкелмес еді, экономика жұмыс істемесе, бүгінгі жағдай болмас еді. Тыныштық болмаса ештеңе болмайды. Мәңгілік ел де, ештеңе де болмайды», — дейді Елбасы.

Сондықтан, оның айтуынша, Қазақстан халқы жақсылап ойлануы керек.

«Әрине, билік басында отырған азаматтардың алға қойған міндеті бар. Бірақ бұл халықтың міндеті — ішіміздегі тыныштықты сақтау. Сондықтан бұл мәселені жіті тексеріп, әр қылмыскерге тиісті жазасын беру керек. Құқық қорғау органдарының да, жергілікті әкімшіліктер, облыс, аудан, ауыл әкімдіктері қайда болды? Біздің ассамблея бар. Ассамблеяның өкілеттік құқығы жоқ, дегенмен сондай мәселе шығады деген жерлерді біліп отыруы керек. Менің мақсатым — болашақ ұрпақты Қазақстанды мақтан тұтатындай дәрежеге жеткізу . Аға буынның миссиясы — түсіндіру, әр жасқа, әр адамға тәуелсіздікті сақтап, өркениетті әрі тұрақтылығымызды сақтап қалу міндетіміз, мәңгілік ел болу міндетіміз. Сондықтан баршаңызды барлық деңгейдегі басшыдан бастап қарапайым азаматқа дейін парасаттылық танытып, елімізге адал болуға шақырамын. Біз бірге болған жағдайда ғана жарқын болашақты қамтамасыз етеміз», — деді Елбасы.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 170 адам көмек сұрап келді. Кейін облыс әкімінен бастап бірнеше шенеунік қызметінен босатылды.

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Айғақ медиа
18.02.2026
0

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА COVID-19-ДЫҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...

СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ ҮШ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.