Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Отырар аудандық орталық емханада қатерлі ісік ауруын айқындаудың жаңа жүйесі қолға алынды
    Айғақ MEDIA

    Отырар аудандық орталық емханада қатерлі ісік ауруын айқындаудың жаңа жүйесі қолға алынды

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.02.2020836 Views

    Түркістан облысы, Отырар аудандық орталық емханада қатерлі ісік ауруын айқындаудың жаңа жүйесі қолға алынды. Шалғай ауданда орналасқан емдеу мекемесі қызметкерлерінің бұндай бастамалары  «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының» директоры Диляра Хайдарова мен бас дәрігері Нұрлан Балтабеков және еліміздің барлық онкологиялық орталықтардың бас дәрігерлерінің назарын аударды. Өңірге «Халықаралық қатерлі ісікпен күрес күніне»  орай онкүндік аясында іссапармен келген жұмысшы топ өкілдері алдымен үйлестіру кеңесінде бас қосып, соңынан жергілікті деңгейде қатерлі ісік ауруымен күрестің қалай жүргізіліп жатқандығын тексерді.

    Отырар аудандық емханасының бас дәрігері Райымбек Тасырбаевтың айтуынша, науқаста қатерлі ісік белгілері байқалған жағдайда бірден жасыл дәлізге өткізіліп, шұғыл түрде бір күннің ішінде барлық қажетті тексеруден өткізіледі. Қолына жасыл білезік тағылып, ешбір кезексіз және барлығы да дәрігердің тікелей бастан –аяқ бақылауымен жүргізіледі. Жүзеге асырылып жатқан пилоттық жоба білікті дәрігерлер тарапынан қолдау тапты.

    Себебі ауруды асқындырмай, дер кезінде анықтау өте маңызды. Өкінішке орай, онкологиялық дертке шалдыққан азаматтардың 70 пайызы дәрігерге аурудың төменгі сатыларында, яғни, кеш көрінеді. Бүгінгі таңда ауданда 209 науқас дәл осы аурумен есепте тұрады.  

    «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының» бас дәрігері Балтабеков Нұрлан Тұрсынұлы емхана дәрігерлерінің біліктілік деңгейлерін де тексерді. Өзі дәрігерге келіп көрінуші ретінде отырып, барлық кабинеттердің қандай дәрежеде екендігін тексерді. Емхана мамандарына дәл емтихандағыдай сұрақтарын жаудырды. Нәтижесі бойынша Отырар аудандық емхана қызметкерлерінің білім деңгейі де жоғары бағаланды.

    Жалпы,  облыс бойынша 8 мыңнан астам адам қатерлі ісік аурымен тіркелген. Кең тараған түрлері бұл – сүт безі, өкпе, бауыр, асқазан обыры саналады. Онкологиялық науқастардың жас ерекшеліктері көбінесе 55 пен 79 жас аралығындағылар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.