• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Ақпан 26, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

10.02.2020
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Бердібек Мәшбекұлы САПАРБАЕВ Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

«Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын»,- делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының тағы бір Жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов қызметінен босатылды.

Бердібек Мәшбекұлы 1953 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылының тумасы, білімі жоғары. 1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Еңбек жолын Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысынан бастады (1969-1971 жылдары); әскери қызметін өткерді (1971-1973 жылдары). Институтты бітірісімен Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары (гострудсберкассы) басқармасында экономист (1977); ҚазКСР Қаржыминінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары (1977-1988 жылдары); жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, Бас экономика басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары (1988-1993 жылдары); Президент Аппараты бөлімі мен Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті меңгерушісінің орынбасары (1993); Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің Істер басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі (1994-1995 жылдары) болды. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Аппаратының басшысы (1995); Қызылорда облысының әкімі (1995-1999 жылдары); Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (1999-2002 жылдары) қызметтерін атқарды; Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі — Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2002-2006); Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары — Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкіметтің Өкілі (2006-2007); Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі (2007 жылы ақпан — 27 тамыз). 2007 жылдың тамызынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2009-2014 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2015-2019 жылдары Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарды. «Құрмет» (1999), «Парасат» (2007) ордендерімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі лауазымын 2019 жылдың ақпанынан бері атқарып келді,  сондай-ақ,  ҚР Премьер-министрінің орынбасары болды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Түркістан облысында төрт жастағы Әли Адамбек мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сынып бағдарламасын меңгеріп үлгерген. Құрдастары әріп танып жүргенде, ол күрделі...

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген.Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.Камералар жылдамдықты...

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

“10 сиыр мен бір жылқы бар”: Семейде әкімдік тұрғындар ауылға көшу үшін 1,5 миллион теңге ұсынуда.Семейде “Қаладан – ауылға” атты...

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды. Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.