Түркістан облысында қатты жел мектеп шатырын жұлып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Түркістан облысының Төле би ауданына қарасты Жыланбұзған ауылында секундына 26 метр жылдамдықпен жел соғып, Жыланбұзған орта мектебінің 3 қабатты ғимаратының шатыры құлады. Жалпы көлемі — 1000 шаршы метрден асады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері мен комиссия жұмыс істеп жатыр» делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.