Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістандық шенеуніктер темір тордың арғы жағындағы тәртіппен танысты
    Айғақ MEDIA

    Түркістандық шенеуніктер темір тордың арғы жағындағы тәртіппен танысты

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.02.2020219 Views

    Бүгін Түркістан өңірінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Қылмыстық — атқару жүйесі Комитетінің облыстық департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен лауазымды тұлғаларды бас бостандығынан айыру мекемесінің ахуалымен таныстыру жұмыстары басталды.   Науқанның негізгі мақсаты — оңай олжаға құныққан азаматтардың тар қапастағы тыныс-тіршілігімен таныстыру арқылы  мемлекеттік қызметкерлердің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік иммунитетін қалыптастыру.

    Темір тордың арғы жағындағы қатаң тәртіппен танысу жұмыстары, ең алдымен  Арыс, Кентау, Сайрам, Отырар, Түлкібас және Шардара аудандарының әкім орынбасарлары, аппарат басшылары, дербес бөлім басшылары мен  ауыл әкімдерінің арасында өтті.

    Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері 180-ге жуық лауазымды шенділерді Төлеби ауданындағы ИЧ-167/9 мекемесінің жұмысымен, оның ішінде қамаудағыларды ұстау шарттары мен ішкі тәртіптің қатаңдығын,  сотталушының жататын жері мен медициналық бөлме, асхана, аула сынды жерлерімен жіті таныстырып шықты.

    Жемқорлық көріністеріне жол бермеуді мақсат еткен ұйымдастырушылар лауазымды тұлғаларға көлеңкелі қылмыстың зардабын түсіндіріп, қызмет бабын асыра пайдаланып ақша табудың соңы осылай болатынын ескертті.


    Тұла бойды тітіркендіретін темір торды көрген шара куәгерлері мұздай қара құлып пен тікенді темір тордың арғы жағындағы өмірді өз көздерімен көріп, тар қапаста отырған азаматтардың қателіктерін қайталамайтынын жеткізді.

    Айта кетсек, Түркістан өңіріндегі бұл жұмыстар жыл соңына дейін жүйелі түрде жүргізілетін болады.  Келесі таныстыру жұмыстарына облыстық басқарма басшылары, аудан/қала әкімдері, бас дәрігерлер мен мемлекеттік мекеме басшылары қатысатын болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.