Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округіне қарасты Ақниет ауылында тұратын көмекке мұқтаж отбасылармен кездесті. Жүк тасушы болып нәпақы табатын отағасы облыс әкімінің орынбасарына кәсіпкерлік негіздерінен білім алып, мемлекеттік грант көмегімен өз кәсібін бастауға ниеті барын айтты.«Кәсіпкерлік курстарын оқып, өз ісімді ашамын, жағдайымды дұрыстаймын деген әрбір азаматқа біз қолдау білдіруіміз керек. Оқытып, үйретіп, мүмкіндігінше өз ісін бастауда қаржылық мәселелерін шешуге де қолғабыс жасауға болады. Ең бастысы – адамда ниет пен әрекет болуы керек», – деді облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.
Жетісай ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар отбасына «Қамқорлық» бағдарламасы аясында тұрмыста қажетті заттар үйлестірілді.