Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістандық делегация Қызылжарға қоныс аударған отбасылардың шаңырағында болды
    Айғақ MEDIA

    Түркістандық делегация Қызылжарға қоныс аударған отбасылардың шаңырағында болды

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.02.2020452 Views

    Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған отбасылармен жүздесуге арналған түркістандық делегацияның сапары 46 мың тұрғыны бар Қызылжар ауданында жалғасты.  Бұл аймақ 19 ауылдық округке бөлінген. Іс-сапар барысында Қызылжар ауданына қарасты Бәйтерек ауылына барып, ондағы Оңтүстік өңірінен өткен жылы қоныс аударған екі бірдей отбасының жағдайымен таныстық. 2019 жылы Қазығұрт ауданынан көшіп келген Насыров пен Усмановтар отбасы бүгінде жанға жайлы баспанаға қол жеткізіп, ісін ілгерлетуде. Алдағы уақытта автокөлік жөндеу сервисін ашуды жоспарлап отырған Руслан Насыров әзірге жеке шаруа қожалығының жұмысын дөңгелетуде.

    Оның айтуынша, жаңа баспанаға қол жеткізген сәтте Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев арнайы келіп, қоныстарына құтты болсын айтқан. «Жақсы сөз — жарым ырыс» демекші, Бердібек Мәшбекұлы білдірген ізгі ниеттен қуаттандық дейді. Бұл тұста екі бірдей шаңырақтың жағдайымен танысып, сұхбаттасқан түркістандық делегация отбасының бүлдіршіндеріне Оңтүстік өңірінің табиғи өнімдерін базарлық ретінде ұсынды. Сонымен қатар, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Сенде бір кірпіш дүниеге»атты кітабын тарту етіп, алдағы жоспарларының жемісті болуына ниеттестік білдірді.  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың және мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамаларының негізіндегі іс-шаралар мен Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің қолға алған «Қамқорлық» жобасы Солтүстік жерінде әлі де жалғасын табатын болады.

    «Айғақ-Ақпарат»

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.