Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен жиын өтті. Облыстық спорт басқармалары, министрлікке бағынысты ұйымдар басшыларының басын қосқан бұл жиында Министр саладағы жетістіктер мен қордаланып қалған проблемалар туралы басшылардың есебін тыңдады. Күн тәртібінде тұрған мәселелер нақтыланып, Токио – 2020 олимпиадасына дайындық барысы пысықталды. Ақтоты Райымқұлова Нұр-Сұлтан, Алматы. Шымкент қалалары спорт басқармаларының жұмысына оң баға беріп, осы бағытта жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, 2019 жылдың қорытындысына сай спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» аталымы бойынша атақтарды беру жөніндегі республикалық конкурстың нәтижесі жарияланып, жеңімпаздар анықталды.
«Жылдың үздік спорт ұйымы» аталымы бойынша — «Алматы облысының жоғары спорт шеберлігі мектебі»;
«Ауылдық жердегі үздік спорттан нұсқаушы-әдіскер» аталымы бойынша: Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылы «Дене шынықтыру-спорт кешені» спорт нұсқаушысы — Руслан Нұрланұлы Досалиев;
«Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі» аталымы бойынша: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі;
«Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы» аталымы бойынша: «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде» көкпардан жаттықтырушы-оқытушысы – Ерғали Жоламанұлы Тоқабаев;
«Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман» аталымы бойынша: «Шымкент қаласының №16 гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары — Гайрат Тешебайұлы Усманов марапатталды.