Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«NUR OTAN» мұқтаж отбасына баспана салып берді
    Айғақ MEDIA

    «NUR OTAN» мұқтаж отбасына баспана салып берді

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.02.2020384 Views

    Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылының тұрғыны мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты ана Дариға Аманбаеваға «Nur Otan» партиясы Қарасу Бастауыш партия ұйымы төрағасының ұйымдастыруымен  баспана салып берді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков қуаныш иелерінің шаңырағына барып, отбасының бүгінгі тұрмыс-тіршілігін көрді. Мүмкіндігі шектеулі бала өсіріп отырған 3 баланың анасы қонақтарды шашу шашып қарсы алып, алғыстарын білдірді.

    «Қамқорлық деген қанымызда бар асыл қасиет. Жанашыр бола білуді, жүрек жылуымен қол ұшын созуды адамның азаматтық парызы, деп білуіміз керек. Қолынан келгенше ел болып, бауыр болып, көрші болып бір-біріне аяққа тұруға қолғабыс бола білген жөн. Сіздердің қуаныштарыңызды көріп, толқып тұрмын», – деді жаңа қоныс иелерімен қауышқан облыс әкімі.

    Түркістан облысында жүзеге асып жатқан «Қамқорлық» бағдарламасы өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беруді меңзейді. Жақсы іске жанашыр ізгі ниетті, ақ тілеулі азаматтар әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж жандарға тұрмысқа қажетті заттарын, көмір, отынын молынан үйлестіруде.

    Жақын уақытта Қарасу елді мекенінің тағы бір отбасы тұрғын үй тауқыметінен арылады. Қамқорлықты қажет ететін Абдуалиевтер отбасына тұрғын үй салынуда. Аталған жұмысқа Бастауыш партия белсенділері, ауыл тұрғындары, мәслихат депутаттары демеушілік жасауда.  «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Нұротандықтар алдағы уақытта көмекке мұқтаж отбасыларға баспана салып беруді жалғастыра береді. Жалпы, облыс бойынша 2 мыңға жуық отбасына жоба аясында жан-жақты қамқорлық жасалмақ.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.