Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Өмірзақ Шөкеев баспанаға мұқтаж көпбалалы ананың шаңырағында болды
    Айғақ MEDIA

    Өмірзақ Шөкеев баспанаға мұқтаж көпбалалы ананың шаңырағында болды

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.02.2020623 Views

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы көмекке мұқтаж көпбалалы ананың шаңырағына барып, отбасының бүгінгі тұрмыс-тіршілігімен танысты. 6 баласымен жалдамалы лашықты паналап келетін жалғызбасты ананың бар арманы – баспаналы болу. Көпбалалы ана ауыл ауруханасында кіші медициналық қызметкер болып жұмыс істейді. Отбасының тұрмыс жағдайын көзбен көрген аймақ басшысы аудан әкіміне баспана мәселесін уақыт күттермей шешуді жүктеді. «Қамқорлық» бағдарламасы аясында ауыл тұрғынына жаңадан салынып жатқан екіқабатты тұрғын үйден пәтер берілетін болды, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Бәйдібек ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Боралдай ауылдық округінде орналасқан «Шаян» индустриалды аймағында орналасатын жобалармен танысты. Өмірзақ Естайұлы аймақтың өзекті мәселелерін көзбен көріп, аудандағы елді мекендерді газбен қамтамасыз етуді міндеттеді.

    Бұдан кейін аймақ басшысы Алғабас ауылдық округі Қазата елді мекеніндегі су тазарту қондырғысының жағдайымен танысты. Су жүйелерін қайта құрылымдап, жақын маңдағы төрт елді мекендерге таза ауызсу тарту мәселесі бойынша жауапты мамандармен кездесті. Сонымен қатар  Қапшағай су қоймасының жөндеуден өткізу жобасы талқыланды.

    Облыс әкімі бастаған жұмыс тобы Орталық саябаққа жүргізілген абаттандыру жұмыстарымен танысты. Өмірзақ Естайұлы ауылдағы ішкі жолдардың қазіргі жағдайын сынға алды. Жөндеуден өткен жылдың сапасына көңілі толмаған облыс басшысы, оларды ретке келтіруді тапсырды.

    Сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Созақ ауданындағы «Ұланбел – Созақ – Шаян – Екпінді»  автомобиль жолынан Жаңатас қаласы бұрылысынан Созақ ауданына тартылатын магистральды газ құбыры мен АГТС құрылысы жұмыстарымен танысты. Жергілікті ақсақалдармен жүздесіп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.