Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ СОЗАҚ АУДАНЫНДА ТҮЙЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫ ТАПСЫРДЫ
    Айғақ MEDIA

    ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ СОЗАҚ АУДАНЫНДА ТҮЙЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫ ТАПСЫРДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.02.2020651 Views

    Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданында төрт түліктің төресі — түйені көбейтуді көздеп, ішкі нарықты тұтастай қамтуды міндеттеді. Ойсыл қара тұқымымен өзге өңірлермен бәсекелес болатындай қауқары бар ауданға осы кәсіпті мықтап қолға алуды тапсырды. Бұл туралы Созақ ауданы әкімі Салыхан Полатовтың есебінде айтылды. Аудан әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстар мен шешуді қажет ететін мәселелерді ортаға салды. Ауданда 400 мыңға жуық мал басы өсірілуде. 2018 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара, жылқы мен түйе саны өскен. Облыс басшысы Созақ ауданында түйе шаруашылығын дамытуға қатысты бірқатар міндеттер жүктеді.
    «Түйе шаруашылығын дамытуға ауданның табиғаты қолайлы, сондықтан осы кәсіпті мықтап қолға алу керек. Бұл мәселені дұрыс жолға қойып, ішкі нарықты қамтуға қауқар жетеді, деп ойлаймын», — деді Өмірзақ Естайұлы.

     

    2019 жылы Созақ ауданы жергілікті бюджетке 6 млрд. теңге қаржы түсіріп, жоспарды артығымен орындаған. Аудан экономикасына өткен жылдармен салыстырғанда тартылған инвестиция көлемі 125%-ға артып отыр. Үдемелі Индустриалды Инновациялық Даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Өңірлік кәсіпкерлік қолдау картасы тізіміне 6 жаңа жоба енгізілген.

     

    Шолаққорған ауылынан 120 га жерге жобалық құны 50 млн. АҚШ долларын құрайтын «ЮКСЭС-50» ЖШС-нің күн электро станциясын салу құрылысы аяқталған. Алдағы уақытта онда тұрақты жұмыс орындары ашылатын болады. Өткен жылы ауданда бірнеше жаңа мектеп ашылған. Жаңа магистралды газ құбырының құрылысы мен ауыз сумен жабдықтау жұмыстары басталған. 2 саябақ салынып, 20 шақырым жолды асфальттау жүзеге асқан. «Қамқорлық» жобасы аясында тұрмыс тауқыметін тартқан 30 отбасын баспанамен қамту көзделіп отыр.Жиын соңында Өмірзақ Шөкеев аудан азаматтарын қабылдады. Созақ ауданының тұрғыны Қабылбек Еспенбетов Шолаққорған ауылының ішкі жүйесін газбен жабдықтау мәселесі мен жолдарға асфальт төсеу жұмыстарының жалғасуы бойынша өтінішін айтып келді. Өмірзақ Естайұлы бұл мәселелердің жүзеге асуын өз бақылауына алды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.