Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: Жоғары дәрежеге абыроймен жетуге болады
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: Жоғары дәрежеге абыроймен жетуге болады

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.01.2020310 Views

    Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған республикалық ақпараттық-ағарту Штабының мүшелері қоғамда адалдық, парасаттылық қағидаттарын насихаттау мақсатында Түркістан облыстық полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті.

    Игілікті бастамаға құрылған келелі кездесудің негізгі мақсаты — халық пен мемлекет арасында сенім атмосферасын қалыптастыру және рухани құндылықтарды ел ішінде кең көлемде дәріптеу арқылы ел азаматтарының бойына асыл қасиеттерді дарыту.

    Ақпараттық-ағартушылық бағыттағы түсіндіру жұмыстарына Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ бейнеконференция арқылы департаменттің ауданаралық қызметкерлері қатысты.

    Адамдық пен адалдық, туралық пен тазалық қағидаттары терең қазбаланған рухани жиында Агенттік өкілі Арман Бердалин сөз алып, еліміздің ертеңі асыл қасиеттермен азықтанған азаматтардың қолында екендігін жеткізді.

    Тәртіп сақшыларымен кездесу барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев халықтың үніне құлақ түру мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екендігін тілге тиек етіп, алыс шалғайдағы ағайынмен жүзбе-жүз кездесу — ақпараттық ағартушылық бағыттағы жұмыстарға оң нәтиже беретінін атап өтті.

    Айта кетсек, өткен жылдың қараша айында өз жұмысын бастаған республикалық үгіт-насихат Штабының Түркістан өңіріндегі мүшелері де облысқа қарасты барлық аудан-қала тұрғындарымен кездесіп, бүгінгі күні ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.