«Айғақ» телеарнасының жас журналисі Аруна Пернебек өз саласының үздігі атанды. Шымкент қаласының жастары арасында жүргізілген жарыс барысында қатарластарынан оза шыққан Аруна Мұратқызы «Үздік журналист» номинациясын иемденіп, Ерлан Айтахановтың қолынан Алғыс хат алды.