Ресей президенті Владимир Путин Алматы маңында болған әуе апатына байланысты көңіл айтты, — деп хабарлайды Kremlin.ru.
Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Bek Air әуекомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Ресей жақындары мен туыстарынан айырылғандарға көңіл айтады, зардап шеккендердің тезірек жазылып кетуіне сенім білдіреді», — делінген Ресей президентінің жеделхатында.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков те қайғылы оқиғаға көңіл білдіреді.
«Қырғыз Республикасының және өз атымнан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын, қайғыға ортақпыз. Зардап шеккендердің тез жазылып кетуіне тілектеспіз», — деді Жээнбеков.
РИА Новости мәліметінше, Қытай да қайғылы жағдайға көңіл айтады.