• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАНДА «БАТЫР АНА» ФОРУМЫ ӨТТІ

26.12.2019
0

   Бүгін Түркістан қаласында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Батыр ана» көпбалалы іскер аналар форумы өтті. Форумның мақсаты – көпбалалы аналардың мәртебесін көтеру, олардың кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсету. Форумға облыстың аудан, қалаларында кәсіпкерлік саласында және өзге де салаларда жемісті еңбек етіп жүрген 100-ге жуық көпбалалы аналар қатысып, тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар арасында 9 баланың анасы да бар. Форумды «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жүргізіп отырды.

«Nur Otan» партиясы тарапынан кәсіпкерлікті қолдау, елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту, көпбалалы аналарға қолайлы жағдай жасау бағытында «Бақытты отбасы» жобасы қолға алынғанын білесіздер. Қазіргі таңда Түркістан облысында 90 мыңдай көпбалалы отбасы бар. «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелерінің басым бөлігі біздің өңірден. Біздің ардақты батыр аналарымыз бала тәрбиелеп қана қоймай, түрлі салаларда жемісті еңбек етіп жүр. Кәсіпкерлік саласында табысқа жетіп жүрген аналарымыз жетерлік. Бүгін «Батыр ана» форумына көпбалалы аналарымызды арнайы шақырып отырмыз. Көпбалалы және іскер әйелдердің кәсіпкерлікпен шұғылдануы үшін қандай қолдаулар бар? Осы мәселелер төңірегінде ой қозғап, облыс көлемінде кәсіпкер-аналарымыздың атқарып жатқан жұмыстарын ой елегінен өткізіп, көпшілік қауымға насихаттауды мақсат етіп отырмыз», – деді Б.Дәулетұлы.

«Атамекен» ҰКП Түркістан облыстық филиалының директоры Дінмұхаммед Абсаттаров кәсіпкерлерге көрсетілетін жеңілдіктер жөнінде кеңінен баяндады. Оның айтуынша, 2019 жылдың ішінде «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобалары аясында Түркістан облысы бойынша 3345 әйел білім алды. «Еңбек» бағдарламасы аясында 3 мыңнан астам әйел жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 1,5 млрд. теңге көлеміндегі гранттарды иеленген.

«Кәсіпті неден, қалай бастаймын деген сұрақ мазаласа, біздің бизнес-тренерлер «Бастау» жобасы бойынша 1 ай бойы кәсіпкерлік негіздеріне үйретеді. Нәтижесінде қаржыландыруға және қайтарымсыз грант ұтып алуға мүмкіндік туады. 2019 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бизнес кеңесші» компоненті бойынша 731 адам әйел білім алды. 200-ге жуық әйел 680 млн тг. көлемінде қаржыландырылды. Кәсібін ашамын дейтін ардақты аналарға көмектесуге әрқашан дайынбыз», – деген Д. Абсаттаров «Бизнестегі әйел» бағдарламасына да тоқталып өтті.

«Ырыс» микроқаржы ұйымының Данияр Арынғазин «Көпбалалы ана» бағдарламасы бойынша 13 көпбалалы анаға 2 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несие берілгенін мәлімдеді.

Ал Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға тағайындалған жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы туралы түсіндірді.

  «Биыл облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында жалпы 70,8 млрд.теңге бөлінді. Көпбалалы отбасылар көмек алып жатыр. Дегенмен, кейбір тұрғындар тарапынан заңбұзушылықтар болғаны да жасырын емес. «Еңбек» мемлекеттік бағдардамасы аясында 3884 әйел кәсіби оқуға жолданды. Олардың ішінде 710-ы ¬– көпбалалы аналар. 213 көпбалалы ана тұрақты жұмысқа орналасты. 32 705 әйел жұмыспен қамту шараларына тартылды. 105 көпбалалы ана бизнесін ашты» – деген басқарма басшысы 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамай жәрдемақы берілетінін айтты.

Жиында «Қазақстанның іскер әйелдері ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрайымы Инара Намазбаева әрбір адам өз отбасын асырау үшін алдымен өздері жауапты екенін айтты. Өңірде іскер әйелдер саны артып келе жатқанына тоқталды. Ал 9 баланың анасы, медицина саласының өкілі, түркістандық Жанат Еринбетова әйелдер қауымы әрі демографияға үлес қосуға және жұмыс істеуге уақыт табуға болатынын жеткізді. 14 адамды жұмыспен қамтып отырған сайрамдық көпбалалы ана Шахтыкүл Бегзатова да замандастарын кәсіпкерлікпен шұғылдануға шақырды. Сондай-ақ облыстың түкпір-үкпірінен келген ардақты аналар өз тәжірибелерін ортаға салып, құнды пікірлер айтты. Мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылар мен көмектерге сенім артпай, реті келсе жұмыс істеу керектігін жеткізді.
Форум аясында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы мен «Қазақстанның іскер әйелдері ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалы арасында партиялық жобаларды жүзеге асыру және көпбалалы әйелдерге қолдау көрсету жөнінде Меморандумға қол қойылды. Рухани астанаға келіп қанаттанған ардақты аналар Қ.А.Ясауи кесенесіне зиярат етіп, Түркістаннан тың күшпен аттанды.
Түркістан облысында 144 мыңға жуық кәсіпкер бар болса, соның 46 мыңға жуығы немесе 32 пайыздан астамы – әйелдер. Өңірде кәсіпкерлікке бет бұрған әйелдердің дені тігін шеберханасын, кондитерлік цехтар, оқыту орталықтарын ашып, қызмет көрсету салаларында жұмыс атқарып келеді.
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.