ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

Бұдан бөлек, облыста кәсіпкерлікті дамыту бойынша бағдарламаларды насихаттау, шалғай ауылдардағы жастарға мемлекеттік әлеуметтік көмек шараларын түсіндіру, грант, несие алу жолдарымен таныстыру үшін аудандарда облыстық мобильді топ құрылды. Нәтижесінде 8 600-ден астам жасқа мобильді қызмет түрлері көрсетілді. «Жасыл ел» жобасы бойынша 2019 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін 1275 жас жұмыспен қамтылды. Олардың жалақылары 75 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 2019 жылы 1695 жас маман жұмысқа орналасты. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 913 маманды құраған. Облыс басшылығының қолдауымен 356 жас маман баспаналы болды. Жыл қорытындысымен облыстық мәслихатпен бірлесе «Дипломмен ауылға» форумы өткізіліп, белсенді жастар марапатталды. Насихаттау жұмыстарының жүйелі жүруінің арқасында түрлі роликтер мен челленждер түсіріліп, «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысушылар саны артып, 6 635 жас 6 айлық жұмыспен қамтылды. Елбасы, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласындағы құрылыс нысандарына студент жастар тартылды. 















