• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 23, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ТАРАЗ: «Тектұрмас» этно-тарихи кешені ашылды

25.12.2019
0

​«Тараз – тарихымыздың темірқазығы». Елбасымыз осылай деп бағалаған, байырғы кезеңнен тамыр тартатын көне шаһар бұған дейін сан түлеу мен түрленуді бастан кешкені мәлім. Бүгінде жаңаша кейіпке еніп, жаңғыра түскен тарихи қала облыс айнасына айналғаны ақиқат.

Мемлекет басшысы Ұлытауда өткен халықаралық туристік форумда «Ата-бабаларымыздың рухын туризмнің озық үлгілері арқылы дәріптеуіміз керек» деген еді. Осы тапсырманы жүзеге асыру  барысында  Жамбыл облысы соңғы екі жылда қайта түледі. Мәдени-рухани-тарихи нысандар бірінен соң бірі бой көтере бастады. 

Биыл облысқа – 80 жыл. Бұл айтулы датаны жамбылдықтар жаңа форматта атап өтті. Аста-төк той-думанмен емес, өңірдің 80 жылдығына орай 80-нен астам нысанның ел игілігіне берілуі соның көрінісі. Оның ішінде шоқтығы биігі, тағлымы бөлек «Тектұрмас» этно-тарихи кешені. Мерейтой Орта Азияда теңдесі жоқ тарихи кешеннің ашылу салтанатымен  жалғасты.

Игі шараға 800-ге жуық адам қатысты. Облыс жұртшылығы атынан аймақ басшысы Асқар Мырзахметов, Қазақстанның Еңбек ері, Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Мәмбет Қойгелдиев гүл шоқтарын қойды.

Бұдан соң бабалар рухына құран бағышталып, тағзым етілді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Мәмбет Қойгелдиев сөз алып, Тараздың тарихи болмысын айшықтап тұрған кешеннің маңыздылығын атап өтіп, өңірдегі  соңғы екі жылдағы оң өзгерістерге тоқталды.

Ежелгі Тараз қаласының төл тарихын толығымен бейнелейтін «Тектұрмас» этно-тарихи кешені Талас өзенінің жоғарғы жағалауындағы «Тектұрмас» тауының биік таулы беткейінің 24 гектар аумағын алып жатыр. Тарихи кешен – Тараз өңіріндегі ортағасырлық түркі елдерінің қасиетті мекенін көрсететін, түркі тарихынан сыр шертетін тарихнама ретінде әрі демалыс орны негізінде халқымыздың рухани жан-дүниесін байытып, туризмді дамыту мақсатында салынған. Ғажайып кешен Тараз қаласының барлық кезеңдерін қамтитын бірнеше архитектуралық құрылымдардан тұрады және сан ғасыр болған тарихи оқиғалардың толық хронологиясын көруге мүмкіндік береді.

Тарихи кешенді тамашалау Талас өзені арқылы өтетін көпірден басталады. Көпірге кіре беріс жерде екі үлкен стела тұрғызылған: дөңгелек күн тәрізді тастың бірінші бетінде Ұлы Батыс түркі қағандарының таңбасы бейнеленсе, екінші бетінде түркі халықтарының наным-сеніміндегі тәңір құсы Самұрық құстың бейнесі көрсетілген.

 Көпір аяқталатын жерінің екі жағында түркі халықтарының негізгі айбарлы белгісіне айналған биіктігі 4 метрлік, салмағы 3 тонналық ақ түсті мәрмәр тастан құйылған, түр келбеті қазба жұмыстары кезінде табылған артефакт образы бойынша жасалған екі арыстанның мүсіндік бейнесі орнатылған. Ежелгі мифологияда аңдардың патшасы арыстан өз аумағы мен өз үйірін қорғайтын, билік пен байлықтың символы болып есептелген.  Осы жерде «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің паспорты жазылған. Бұл аумақ – киелі аумақ. Сол себепті бұл қасиетті жерде шылым шегуге, ішімдік ішуге, ластауға, қоқыс тастауға, балағат сөздерді айтуға тыйым салынатыны ескертілген. 

«Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің кіре берістен-ақ айбатын арттырып тұрған — «Көне Тараз» қақпасы.  Шығыс стилінде салынған қақпаның биіктігі — 10 метр, ені 14 метрді құрайды. Қақпаның екі жағында күзет тұратын биік мұнаралары бар, ортасындағы қаспеттері әр түрлі ою-өрнектермен безендірілген. Айталық, бірінші беті «Тектұрмас этно-тарихи кешені» деген жазумен әшекейленсе, екінші бетінде «Тарих – тектіліктің белгісі» деген жазуы жазылған. Қақпаның екі шетіндегі мұнаралардың іргетасы жергілікті табиғи тастан қаланса, ал қабырғалары тау-кен жынысы – травертинмен қапталған. Мұнаралардың алдыңғы жағында бойы 2 метр, ал салмағы 300 келі найза мен қылышпен жасақтанған сауытты екі жауынгердің мүсіндік бейнелері керемет үйлесім беріп тұр.

Кешенге кіреберістен басталатын баспалдақтар мен кешен ішіндегі жолдардың барлығы жергілікті табиғи қызыл тастан жасалған. Яғни, құрылысқа қажетті материалдар киелі жердің өзінен алынып отыр. Баспалдақтың екі жағындағы ежелгі петроглифтермен әшекейленген арнайы ақ тастардан жасалған ескерткіштерге Тараз өңірінен шыққан Тараз тарихының тұлғалары – он төрт қаған мен ойшыл ғұламалардың есімдері, билік еткен ғасырлары қашалып таңбаланған.

1. Алып Ер Тоңға (б.д.д. VIII-VII ғғ.) – аты аңызға айналған Тұран билеушісі. 

2. Шу Қаған (б.д.д. IV-III ғғ.) – ежелгі сақ дәуіріндегі билеуші.

3. Шөже (б.д.д. І ғ.) – қаған. Ежелгі Тараздың іргетасын қалаушы.

4. Естемі (VI ғ.) – қаған. Батыс Түркі қағанаты.

5. Тон Йабғұ (VIІ ғ.) – қаған. Батыс Түркі қағанаты.  

6. Сұлу (VIІІ ғ.) – қаған. Түргеш қағанаты.

7. Сатұқ Боғра (Х ғ.) – қаған. Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы. 

8. Шах Мансұр (ХІ ғ.) – қаған. Қарахан мемлекеті.

9. Тектұрмас (ХІ ғ.) – Діндар. Абыз.

10. Жүсіп Баласағұн (ХІ ғ.) – әйгілі шығыс ойшылы, «Құтты білікті» жазған.

11. Махмұд Қашқари (ХІ ғ.) – атақты «Диуани лұғат ат түрк» энциклопедиясын құрастырушы, түркі ғалымы.

12. Дәуітбек-Дадбек (ХІІI ғ.) – ұлы билеуші. Текті қолбасшы. ғалым. Қылыш пен қалам иесі. 

13. Қайду (хІІІ ғ.) – Хан. Талас Құрылтайын ұйымдастырушы.

14. Захир Әд-Дин Бабыр (ХV-ХVІ ғғ.) – Моғолстан мемлекетінің негізін қалаушы. 

Осы қағандар мен ғұламаларды тамашалап, баспалдақпен жоғары көтерілсеңіз, Тараз қаласының негізгі символы – ұлы бабамыз Әулие-атаның еңселі ескерткіші алдыңыздан шығады. Салмағы 10 тонналық ақ түсті мәрмәр тастан құйылған ескерткіштің постаментінің биіктігі — 8 метр, ал  мүсінінің биіктігі 13 метрді құрайды. Алып тұлғаның болмысын барынша ашуға басымдық берілген. Мүсіннің әр бедер, бөлік, кескіндемелеріне дейін аса ыждаһаттылықпен, ерекше ықыласпен сомдалған. Мәселен белдігі құдірет пен биліктің, ал ақ сақалы ұлылық пен даналықтың символын суреттейді. Батысқа байыппен қараған  ұлы бабамыз, Тараз қаласы халқының бақуатты және берекелі өмір сүруіне өз батасын беріп тұрғандай. Айта кетерлігі бұл алып ескерткіш биіктігі мен салмағы жағынан да республикадағы ең үлкені. Одан беріде, «Тектұрмас» тауының Талас өзені жағындағы ең биік беткейінде Тараз қаласын жоғарыдан көруге арналған тамашалау алаңшасы орналасқан. Бұл алаңда құс ұшу биіктігінен Тараз қаласының тынысы мен Талас өзенінің ағысына қарап, айналадағы тарихи дүниелерді тамашалауға барынша мүмкіндік жасалған.

Тамашалау алаңшасының ортасында арнайы биік тастан жасалған билік белгісі – Лауһа тұғыры орнатылған. Символикалық белгінің  ең ұшар басында әлемді жаратушы Алла Тағаланың Құран Кәрімдегі ұлы сөзі «Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеруші» деген Құран сүресі жазылған Лауханың осы Құран аятынан кейінгі астыңғыжағында түркі халықтарының Тастағы тарихы – Күлтегіннің көне руна-түркі тіліндегі  жазуы бейнеленген. 

Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовтің идеясымен салынған алып архитектуралық құрылыс мұнымен тоқтап қалмайды. Жоспарда екінші-үшінші кезеңдері бар.  «Тектұрмас» этно-тарихи кешені қосымша тарихи және танымдық нысандармен кеңейтіледі. 

Жоспар бойынша ежелгі қалалар мен қамалдар қабырғаларының үлгісіне сәйкес, ортағасырлық қорғандар мен дуалдардың көрінісі салынады. «Көне Тараз» қорғаны ежелгі керуен-сарайлар мен цитадельдердің дәстүрлі архитектуралық бейнесі бойынша жасалады. 

​​«Көне Тараз» қорғанынан Әулие-атаескерткішіне дейін және әрі қарай жағалай созылып, демалыс аллеясы бой көтереді, оның екі жағында Тараз қаласы мен Жамбыл облысының әртүрлі аудандарында орналасқан 26 қасиетті тарихи орындарының кішірейтілген үлгідегі макеттері  жайғасады.

​​Әулие-ата ескерткішінен «Көне Тараз» қорғанына жалғасып жатқан жол бойында қазақ жері тарихын түбегейлі өзгерткен ең ірі ұлы шайқастар – «Атлах шайқасы» мен «Аңырақай шайқасының» тасқа қашалған тарихи бейнесі монументалдық қабырға бетінде көрініс алады. Тарихи кешеннің төменгі жағында, монументалды қабырға мен Талас өзенін жалғайтын, тау басынан төгіле ағып жатқан каскадты су сарқырамасы салынады.Осы өзеннің жағалауында кешенге келетін туристер мен жергілікті тұрғындарға қызмет көрсету нысандары, қонақтарға арналған дәмханалар мен демалыс орындары, ал тасып аққан Талас өзенінің үстінде аспалы көпір орналасады. Бұл көпірдің үстімен серуендеп, Талас өзенінің қуатын сіңіруге мол мүмкіндік ашылады.  Одан кейін төбенің сол жақ беткейінде аспалы жол стансасы бой көтереді. Бұл аспалы жол «Тектұрмас» этно-тарихи кешенін Тараз қаласының орталығында орналасқан «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешені мен «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығын байланыстырып туристерге қаланы биіктен тамашалап аралауға мүмкіндік береді

«Айғақ» ақпарат

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.