• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Үкімет «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасының іске асырылу барысын қарастырды

24.12.2019
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «қарапайым заттар экономикасы» салаларын, жергілікті қамтуды және импортты алмастыруды дамыту мәселесі қаралды.

«Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметов баяндама жасады, ол осы жылдың 20 желтоқсанындағы жағдай бойынша «қарапайым заттар экономикасы» салаларын жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы аясында 206 млрд теңгеге 830 жоба мақұлданғанын мәлімдеді, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласында 172 жоба, АӨК қайта өңдеу бойынша – 79 жоба, АӨК-тегі өндіріс бойынша – 579 жоба. Оның ішінде 707 жоба кеңейтуге және жаңғыртуға, 123 жоба жаңа кәсіпорындарға несие алды. Екінші деңгейлі банктерде 212 млрд теңге сомасына жобалар қаралып жатыр.

Жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын жетілдіру мақсатында Үкіметтің жобалық кеңсесі инвестициялық мақсаттарға несие мерзімін 7 жылдан 10 жылға дейін ұзартуды ұсынды, бұл ұзақ өтелімділік мерзімі бар ірі жобаларды қолдап, оларға табыстылық деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, несиелендіруге арналған тауарлардың тізімін кеңейту, несиенің мақсатына байланысты (жұмыс орнын, өндіріс көлемін, салықтық түсімдерді, кірістердің өсуін ұлғайту) бизнеске ыңғайласпа міндеттемелерді белгілеу, тамақ өнеркәсібі саласында айналымдағы қаражатты 100%-ға дейін толықтыруға несие беру, туризм саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін ҚДБ бағдарламасына қатысу мәселелері қарастырылуда.

Жалпы, осы жылдың 1 шілдесінен 1 желтоқсанына дейін CT-KZ сертификаты бар жеткізушілерде өңірлердің мемлекеттік сатып алуларындағы жергілікті қамтудың үлесі 2%-дан 39%-ға дейін өсті, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп — 1%-дан 40%-ға, жиһаз өнеркәсібі — 5%-дан 39%-ға дейін, құрылыс индустриясы — 1%-дан 36%-ға, азық-түлік өнеркәсібі — 1%-дан 41%-ға дейін артты.

«Қарапайым заттар экономикасын» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше бақылауына алынған. Ішкі нарықты отандық тауарлармен барынша молықтыру үшін жергілікті өндірушілердің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, жұмысты әрі қарай жалғастыру қажет», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр «қарапайым заттар экономикасын» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы аясында әлеуетті кәсіпкерлерді іздестіру және олардың жобалары толық іске асырылғанша оларды сүйемелдеу бойынша өңірлердің белсенді жұмысының қажеттілігін атап өтті.

А. Мамин мақұлданған жобалар бойынша ең жақсы көрсеткіштерге ие өңірлерді атап өтті, олар — Батыс Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары. Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау және Қостанай облыстары артта қалушы өңірлер ретінде аталды.

Үкімет басшысы әсіресе реттелетін сатып алуларда жергілікті қамту үлесін дамыту бойынша жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті.

«Орталық және жергілікті атқарушы органдар әрекет етіп тұрған заңнаманы қатаң сақтауы тиіс және отандық өндірушілерді қолдаудың қолда бар құралдарын белсенді пайдалануы қажет. Бұл біздің барлық квазимемлекеттік секторымызға және, ең алдымен, сатып алу үлесі едәуір «Самұрық-Қазына» холдингіне қатысты», — деді А. Мамин.

 Премьер-Министр мемлекеттік сатып алу бойынша ДСҰ келісіміне кіру процесіне жауапкершілікпен қарауды, сатып алуларға талдау жүргізуді және отандық тауар өндірушілердің мүдделерін ескере отырып, ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

«Біз таяу келешекте көрсеткіштердің елеулі өсуін және Бағдарламаны іске асырудың нақты нәтижесін көруге тиіспіз», — деп А. Мамин, Жобалық кеңсе аясындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы

Айғақ медиа
15.01.2026
0

2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ақылы автомобиль жолдарында 74 млн-ға жуық сапар тіркелді. Қазіргі уақытта ел аумағында жалпы ұзындығы 4...

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫНЫҢ ФОРМАТЫ ЖАҢАРДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫНЫҢ ФОРМАТЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
15.01.2026
0

Биыл елімізде электронды денсаулық паспортының форматы түбегейлі жаңарады. Денсаулық сақтау министрлігі қазір мемлекеттік және жеке клиникаларды өз деректерін орталық қорға...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 2 СУ ҚОЙМАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 2 СУ ҚОЙМАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
15.01.2026
0

▪️Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде өңірді ағын сумен қамтамасыз ету және су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар...

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.