Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында берілген 100 жаңа жедел көлігі бүгін шақыртуға шықты. Сары түске боялған 100 жаңа көлік бір мезетте орталық жедел жәрдем станциясынан салтанатты түрде шақыртуға жолға шықты. Нәтижесінде енді 103-тегі шақыртуларға мамандардың кешігуі азаймақ. Шұғыл көмекті қажет етітіндерге жедел жәрдем қызметкерлері дер кезінде барып, медициналық көмек көрсететін болады, деп хабарлайды Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жедел жәрдем автокөлігі инновациялық технологиялар қолданылған, заманауи қондырғылармен жабдықталған.
Атап айтқанда, сыртқы кардиостимулятор мүмкіндігі бар дефибриллятор, өкпені жасанды желдендіру, реанимациялық портативті рюкзактар, 12 каналды электрокардиографтар (ЭКГ), стационарлық және портативті оттегі беру жүйесі, 4 реанимациялық бригадаларға жүрек массажына арналған автопульс, педиатриялық бригадаларға жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға арналған 4 инкубатормен жабдықталған.
Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметінің түрі бойынша сall-орталық әлемдік стандарттар бойынша жаңғыртылады. Тағы айта кетерлігі, жергілікті кадрларды шұғыл жағдайларда симуляциялық макеттерде жұмыс істеуге оқытудан өтіп, біліктілігін арттыру жоспарланып отыр.
Бүгінге дейін қала тұрғындары тарапынан жедел жәрдем қызметінің уақтылы келмеуіне байланысты көптеген сын-ескертпе айтылып келген. Сондықтан, бүгін жолға шыққан автокөліктер осы кедергілерді жойып, азайту мақсатында пайдалануға берілді. Жалпы, жедел медициналық жәрдем станциясында жедел жәрдем қызметін көрсететін 87 көлік болса, оның жартысынан көбі бүгінгі күнде тозығы жеткен .Тозығы жеткен көліктер жаңасына ауыстырылды.