Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
1972 жылы 14 тамызда Шымкент қаласында туылған.
1994 ж. – Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Экономика, қаржы және құқық әскери академиясын үздік бітірген.
1994-1996 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты Халықаралық бөлімінің жетекші маманы, референт.
1996-1999 жж. – ҚР Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы.
1999-2000 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Басшысының көмекшісі.
2000-2007 жж. – ҚР Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.
2007-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшы Хатшылығының бас инспекторы; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің кеңесшісі; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
2009-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы.
2012-2013 жж. – «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдамалы және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары.
2013-2014 жж. – ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2014-2016 жж. – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы.
2016-2019 жж. Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
2019 жылғы 21 желтоқсанда Мемлекет басшысы жарлығымен Қазақстанның Словакиядағы Елшісі қызметіне тағайындалды.
I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.
Ағылшын, француз және вьетнам тілдерін меңгерген.