Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
ҚазМУ-дың заң факультетін, Ресей Федерациясының СІМ Дипломатиялық академиясының «Халықаралық қатынастар» факультетін бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты.
КСРО Қарулы күштерінің қатарында қызмет етіп, қоғамдық және коммерциялық ұйымдарда жұмыс атқарған.
ҚР СІМ жүйесінде 1994 жылдан бастап жұмыс істейді. ҚР СІМ Дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс департаментінде маман (1994-1996), ҚР ГФР Елшілігінің бөлімшесінде үшінші хатшы, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің екінші хатшысы, бөлім бастығы (1997-2000), ҚР Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығының консулы, ҚР Ганновер қаласындағы консулдығының консулы (2000-2004) қызметтерін атқарды.
2004-2007 жж. – ҚР СІМ ТМД департаментінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, Департамент директорының орынбасары.
2007-2010 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы, меңгерушінің орынбасары.
2010-2013 жж. – ҚР Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі.
2013-2016 жж. – ҚР Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы.
2016-2019 жж. – Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2019 жылғы қаңтар айынан бастап желтоқсан айына дейін Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы болды.
2019 жылғы 21 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның Эстониядағы Елшісі қызметіне тағайындалды.
Дипломатиялық дәрежесі: II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.