Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Мәулен Әшімбаев 1971 жылдың 28 қаңтарында Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген.
Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болған.
Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің V шақырылымының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.