Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Дархан Аманұлы 1972 жылы 10 қазанда туған, білімі жоғары. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Мамандығы бойынша тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқарудың менеджері. Саясаттану ғылымдарының докторы. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарушы директоры болып қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болған. 2018 жылы 4 сәуірінен 2019 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі қызметін атқарды. Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы болды. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне 2019 жылдың 25 наурызында тағайындалған болатын.