Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Өмірзақ Шөкеев мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін тиімді қолдануды талап етті
    Айғақ MEDIA

    Өмірзақ Шөкеев мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін тиімді қолдануды талап етті

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.12.2019264 Views

    Түркістан облысы әкімдігінің жаңа ғимаратында алғаш аппарат мәжілісі өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жиналысты құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Мәжілістің күн тәртібінде өңірдегі құрылыс саласы мен Түркістан қаласының дамуы, тұрғын үй құрылысы және экологиялық мәселелер қаралды.

    Түркістан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, мемлекеттік — жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында жүзеге асып жатқан жобалар бойынша Түркістан облысы елімізде көш бастап келеді. Атап айтсақ, Түркия кәсіпкерлері халықаралық әуежай құрылысы мен денсаулық сақтау саласына тиесілі кешендерді жүзеге асырмақ. Жиын барысында басқарма тарапынан облыста МЖӘ датыму жөнінде ұсыныстар берілді.

    Олар: табиғи газ нысандарын сенімгерлік басқаруға беру, Түркістан қаласында тұрғын үй салу, жеке әріптес анықталмаған жобалардың есептеулерін қайта қарау, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен ішкі көшелерді серіктестікке сеніп тапсыру, елді — мекендердегі санитарлық-тазалау жұмыстарын сервистік қызметке беру. Облыс басшысы бюджет шығындарын жеңілдету үшін мемлекеттік — жекеменшік әріптестік тетігін тиімді әрі белсендірек қолдану қажет екенін атап өтті. Бизнес пен биліктің арасындағы көпірге айналатын тәжірибеге тоқтала келе, инвесторларға қолайлы ұсыныс жасап, әлеуметтік маңызы бар салаларға басымдық беру керектігін талап етті.

    Жиналыста Түркістан қаласын дамытып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының барысы талқыланды. Арыс тәжірибесін негізге ала отырып, 32 секторға бөлінген Түркістан қаласын көркейту жұмыстары өңір басшысының қатаң бақылауында. Бүгінде қаланы көгалдандыру, абаттандыру, орталық көшелерді көріктендіру, күл-қоқыстан арылтып, ауыз су, газбен толық қамтамасыз ету, жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Аппарат отырысында Түркістан қаласында жүріп жатқан тұрғын үй құрылысына қатысты соңғы мәліметтер талқыланды. Жыл соңына дейін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1200 пәтерлі 20 тұрғын үй мемлекеттік қызметкерлерге беріледі. Оның ішінде арендалық 11 үйдің қабылдау актісі жүргізіліп, қазір үй кезегінде тұрған азаматтарға заң талаптарына сәйкес үйлестірілуде. Жиын барысында облыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын заңдастыру мәселесі талқыланды. Бұл мақсатта арнайы комиссия құрылып, оларды 1-шілдеге дейін толық жөндеу жүзеге аспақ. 

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.