Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесулер өткізді
    Айғақ MEDIA

    Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесулер өткізді

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.11.2019200 Views

    Бүгін Елбасы Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен кездесті. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының Баспасөз қызметі хабарлайды.

    Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Астана клубының» отырысына қатысқаны үшін қонаққа алғысын білдірді.

    «Астана клубында» сөйлеген сөзіңізді мұқият тыңдадым. Барлық мәселелерге жан-жақты тоқталдыңыз. Осы 27 жыл ішінде біз қарым-қатынасты нығайту үшін жұмыс жасадық. Мен сіздің еліңізде алты рет болдым. Қазақстан Иранға көптеген мәселелер бойынша үнемі қолдау көрсетіп келеді», — деді Елбасы.

    Өз кезегінде Мохаммад Джавад Зариф Иран басшылығы мен халқы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің аймақтағы қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.

    Иран Сыртқы істер министрі басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Сириядағы қақтығысты шешу үшін Қазақстан астанасында келіссөздер ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

    Сонымен қатар Елбасы Ресей стратегиялық зерттеулер институтының директоры Михаил Фрадковпен кездесті.

    Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей стратегиялық зерттеулер институты мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты арасында ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын атап өтті.

    Сонымен қатар, тараптар әлемдік сарапшылардың қатысуымен пікірсайыс алаңдарын ұйымдастыруға үлкен сұраныс бар екеніне назар аударды. Осы тұрғыда қазіргі жаһандық сын-қатерлерді өту үшін жаңа шешімдерді іздеуде «Астана клубы» алаңының ерекше маңызы мен рөлін атап өтті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.