Мағауия аға, иманыңыз жолдас болсын! Парасаты биік, қадірменді тұлға едіңіз. 90-жылдардан бастап бір-бірімізді аға-іні бауырдай сыйлап, қызметтік салада рухани сабақтастықта болған едік. Қазақстан журналистері үшін ұйымдастырылған шетел сапарларында талай рет бас қостық. Соның бірі – естен кетпес Эстония сапары болатын. Бүгінгі күнге дейін, бір-бірімізге хабарласа қалсақ, «Далеко ли до Таллина» деп, хал-амандығымызды сұрасатынбыз. Маған сыйға тартқан кітапқа «Алыста болса жақын, Эстонияда таныстық. Бауырлардай табыстық, ұзағынан сүйсіндірсін» десе, соңғы жазбасында «Дулат! Деніңе саулық, шығармашылығыңа табыс тілеймін. Көзімдей көріп жүр» деп қолтаңбасын қалдырып еді, қайран ағам!
Қош, «Орталық Қазақстанның» нарқасқа азаматы. Белгілі журналист, қоғам қайраткері болған Мағауия Сембайдың мезгілсіз дүниеден озуына байланысты, туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.
Дулат ӘБІШ, Қазақстан Журналистика академиясының академигі, Түркістан облыстық мәслиxатының депутаты, «Айғақ» телеарнасының басшысы.
Шымкент қаласы.