Түркістан қаласының әкімі Р.Аюповтың өкімімен Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы болып Жәнібек Наушабай тағайындалды.
Ж.Н. Наушабай 1981 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы — заңгер, әлеуметтік білім магистрі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі мен АҚШ — тың Дьюк универстиетінің түлегі. Еңбек жолын 2003 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы «Ақсуат» ЖШС — де заңгер ретінде бастап, аталған облыста прокуратура және әділет органдарында, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда еңбек еткен. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық-талдау басқармасының бастығы, Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, Құжаттамалық қамтамасыз ету, бақылау және кадр жұмысы басқармасының бастығы, Әкімшілік жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ішкі бақылау қызметінің бас консультанты лауазымдарында еңбек еткен. 2015 жылғы қарашадан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті Тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызметтер басқармасының бас инспекторы, 2016 жылдан бастап ОҚО, кейіннен Түркістан болып құрылған облыс әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің басшысы лауазымдарын абыроймен атқарып келген.