• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркістан: «Рухани керуен» жобасының мүшелерімен кездесу өтті

31.10.2019
0

     Түркістанға «Жер жәннаты – Жетісу жерінен Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне» атты Рухани керуен сапары келді. ​Түркістан және Алматы облыстық мәслихаттарының қолдауымен, Алматы облысының дін істері басқармасы мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастыруымен өткізілген келелі кездесуде қонақтар мен түркістан жұртшылығы пікір алмасып, тағылымды оймен бөлісті. ​

Киелі Түркістан жеріне келген мәртебелі қонақтар алдымен Қ.А.Яссауи кесенесін зиярат етіп, ата-баба рухына құран бағыштады.

Мұнан кейін, қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылған кездесуге қатысты.

Кездесуді Түркістан облыстық мәслихат хатшысы Балабиев Қайрат Рахымұлы ашып, жүргізіп отырды. Жиында облыстық мәслихаттың хатшысы бүгінгі шараның маңыздылығын ерекше атай келе, «Елдік жобаның Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне табан тіреуі рухани сапардың мәнін айшықтағандай. Жетісу өңіріне қарасты шекара аймақтарын аралаған «Рухани керуен» ІІІ кезеңінің сапары Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, әріптестік байланысты нығайту, діннің асыл құндылықтарын, ұлттық, мәдени салт-дәстүрімізді жан-жақты дәріптейді. Сол себепті, ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміздің қасиетті ұғымын ұлықтау әрбір азаматтың парызы деп білемін» — деді.​

Ал, шараға қатысқан Алматы облысы мәслихатының хатшысы — Дүйсенбинов Сұлтан Мырзабекұлы, Алматы облыстық дін істері басқармасының басшысы — Есдәулетов Рахмет Разбекұлы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, ғылым комитетінің​ философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері, Республикалық ақпараттық түсіндіру топ мүшесі, дінтанушы, Phd докторы — Шағырбаев Алмасбек Дүйсенбекұлы, облыстық «Жетісу» телеарнасының бас продюсері, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының ақпарат саласының үздігі, ақын — Әміреев Жұматай Оспанұлылар да арнайы сөз сөйлеп, ​ Елбасының бағдарламалық мақаласында көрсетілген басты бағыттар бойынша берілген тапсырмалар туралы ой қозғады.

Жиын соңында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Алматы облысының дін істері басқармасының арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылы бастау алған республикалық жобаның ІІІ кезеңі 6 бағыт бойынша Алматы облысының 11 ауданының шекара аймақтарын қамтып өткен болатын.

Биыл «Рухани керуен» жобасының аясы кеңейіп, «Жер жәннаты – Жетісу жерінен Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне» сапар ұйымдастырылып отыр.

Мақсаты — Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін елімізде ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі болған асыл дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын дәріптеу.

Келесі жылы «Рухани керуен» жобасы бойынша түркістандықтар Жетісу жеріне арнайы сапарға шығатын болды.

Сондай-ақ кездесу соңында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясынан келген әншілердің концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз...

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Шымкентте 40 тұрғынның көптен күткен арманы орындалды. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған...

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Осы айтулы датаға орай Шымкентте «Абай сөзі –...

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

КҮН САЙЫНҒЫ ЕРЛІК

Айғақ медиа
05.08.2026
0

Бір күн. Ондаған тапсырма. Жүздеген адамның қауіпсіздігі. Бұл – полиция қызметкерінің қалыпты жұмыс күні. Форманың ар жағында қандай жауапкершілік жатыр?...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.